• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:15:46
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда экскурсиялық автобустар арнайы жолақпен жүреді

Алматының туристік әлеуеті туралы өткен қоғамдық кеңесте отырысында экскурсиялық автобус бағдарларының дамуы туралы мәселе көтерілді

Алматының туристік әлеуеті туралы өткен қоғамдық кеңесте отырысында экскурсиялық автобус бағдарларының дамуы туралы мәселе көтерілді.

Қалалық Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубайдың айтуынша, экскурсиялық автобустарға арнайы тұрақ бөлуге және автобус жолағымен жүруге рұқсат беру туралы ауызша келісім жасалған.

«Қазір мамандармен біріге отырып тұрақ орындарын белгіледік. Әкімшілік полициямен ауызша келісім бар. Меморандумға қол қоюға әзірлік бар. Сонымен қатар, экскурсиялық автобустарға арнайы автобус жолағымен жүруге рұқсат беретін жол қозғалысы ережелеріне өзгеріс енгіземіз. Келер туристік маусымның басында жұмяс аяқталады», - деді Ерлан Жайлаубай.

«СпецТехПаркинг» компаниясымен жүргізіліп жатқан келісім барысында экскурсиялық автобустарға кем дегенде бір орын қалдыру мүмкіндігін қарастырылуда.

Оның айтуынша, қазір қалада жаңа туристік автобус бағдарлары жасалып жатыр.

«Электробустарға сұраныс көп. Алматыда екі бағытта туристік электробус жүріп тұр. Көліктер Smart-туризм компаниясының аудиогидтерімен жабдықталған. 1 500 теңгеге кез-келген адам Алматыны аралай алады»,- деді Ерлан Жайлаубай.

Айта кету керек, туристік бағыттағы қос электроавтобус 13 қазанда жолға шыққан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір