• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:47:13
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2018 Спорт

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Алматы қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Азия кубогы жалауын көтереді.

Алматы қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Азия кубогы жалауын көтереді, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

21-22 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет  Махмұтовтың құрметіне арналған жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған әлемдік додаға 1998-1999 жылдары туған татами шеберлері қатысады. Бұл додада 300-ге жуық жас дзюдошы 8 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайтын болады.

Айта кетейік,  IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір