• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:02:30
+35°

08 Ақпан, 2018 NEWS

Алматыда діни экстремизмнің алдын алу онкүндігі өтті

Алматыда жергілікті әскери басқару органдарымен діни экстремизмнің алдын алу онкүндігі өтті

Бүгін Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризимге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін діни-экстремизм мен терроризмнің деструктивті идеология ықпалынан сақтау және түсіндіру» тақырыбында онкүндік өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Онкүндіктің басты мақсаты – еліміздегі діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның мемлекеттің қаіпсіздігін қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің діни сауаттылықтарын көтеру. Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің көріністерін, соның ішінде жергілікті әскери басқару органдары қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолымен анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру. Онкүндікті өткізу барысында Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағы бастығының орынбасары подполковник Тлеужанов Г. «Қазақстан Республикасындағы діни ұйымдар туралы» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісте экстремизтік және террористік әрекеттердің салдарлары туралы видеоролик көрсетілді. Аталған онкүндікте ең алдымен әскери қызметшілер ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ діни сананың қалыптасуына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ діни эксремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша ағымдағы жағдайды талданды.

Атап өтетін жәйт, діни экстеримзге қарсы іс-қимыл бойынша Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдары мен Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағы тұрақты түрде тығыз жұмыс жасап келеді.

Қарлығаш Мұсабекқызы

Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір