• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:35:13
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда Дін істері жөніндегі басқарманың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Кездесуді ұйымдастырған Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Сараптама және зерттеу орталығы»

12-ші желтоқсан күні Алматы қаласының әкімшілігінің Дін істері жөніндегі басқармасының және «Сараптама және зерттеу орталығының» қатысуымен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ғалымдар, діни бірлестік өкілдері (ҚМДБ, ОПШ, РКШ), мемлекеттік орган басшылары, сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Шара барысында, діни бірлестік өкілдері, мемлекеттік органдар мен сарапшылар жылды қорытындылап, өткізілген шаралардың тиімділігін талқылай отырып, жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді. Қалалық және аудандық АТТ-ын дамытудың болашақ жоспарлары талқыланды.

Бүгінгі таңда, күн тәртібіндегі ең өзекті және маңызды мәселелердің бірі халық арасында діни экстремизм деструктивті және қауіпті идеологиясының таралуы болып отыр.

Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының «Сараптама және зерттеу орталығы» деструктивті идеологияның таралуын алдын алу, діни экстремизм мен терроризмге қарсы жыл бойы көптеген іс-шаралар өткізу мақсатында 8 аудандық және 1 қалалық ақпараттық-түсіндіру топтары құрамының сапалы болуына айтарлықтай оң әсерін тигізді. Олардың құрамына дінтану, мәдениеттану, тарих, саясаттану, теология, заң саласындағы жетекші сарапшылар енгізілген. АТТ мүшелерінің жалпы саны 110 адамды құрады.

Бұл топтар әр түрлі форматтағы 500 іс-шараның жүзеге асуына ат салысты. Атап айтсақ: 200 дәріс, 200 кездесу, 50 сұхбат, 20 семинар және 30 науқан. Жалпы 500 іс-шарада қаланың 80 мыңнан астам тұрғындары қамтылған.

Кездесуді ұйымдастырған Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Сараптама және зерттеу орталығы».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір