• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:03:39
+35°

20 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматыда бизнес-қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен конференция өтті

Алматыда биылғы жылы кәсіпкерлерге қызмет көрсететін толық форматты Орталық ашылады

Алматыда биылғы жылы кәсіпкерлерге қызмет көрсететін толық форматты Орталық ашылады.

Алматыда мелекеттік органдар мен қаланың бизнес - қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы конференция өтті. Тараптар қаланың бизнес – ахуалын жақсартудың маңызды мәселелерін талқылады.

«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев өзінің құттықтау сөзінде ұйым құрылған 2013 жылдан бері қарай кәсіпкерлердің құны 92 млрд. теңгеден асатын мүліктік құқықтары қорғалғандығын айтты.Палатаның қолдауы барысында еліміздің жаңа Салық кодексі жасалды, 20 мыңнан астам нормативті – құқықтық актілер жобалары мен заңжобалары сараптамадан өтті.

«Алматы - еліміздегі бизнестің тал бесігі, мұнда кәсіпкерлердің басым бөлігі шоғырланған. Қазіргі кезде қалада олардың еш кедергісіз жұмыс істеулері үшін бизнес- ахуал қалыптасқан. Биылғы жылы қалада кәсіпкерлерге қызмет көрсететін толық форматты Орталық ашуды жоспарлап отырмыз, ол рұқсат құжаттарды «бір терезе» қағидасы бойынша тіркейтін болады», - деді сказал Тимур Құлыбаев.

Өз кезегінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек аталған конференцияның мемлекет пен бизнес арасындағы диалогтың тиімді алаңына айналғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапрсырмасы бойынша Алматыда жеке бастамаларды ынталандыруға және бизнес- ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні мегаполис жеке бизнес пен шикізатсыз эконмика капиталының қаласы ретінде қалыптасуда, мұнда ШОБ-тің 170 мыңнан астам субъектісі бар, бұлар 10 алматылықтың 7-ін жұмыспен қамтамасыз етуде. ҰКП мен бірге біз бизнес жүргізудің жағдайын жасқарту бойынша жұмыстарды жүзеге асырудамыз, несие ресурстарының қолжетімділігі және әкімшіліктің кедергілердің азаюы басты бағыт болуда», - деді Бауыржан Байбек.

Мысалы, Алматыда инвестициялық ахуалдың тартымдылығын арттыру үшін құрылыс салу мен коммуналдық желілерге қосылу процесстері электронды форматқа көшірілген. almaty.genplan.kz интерактивті картада қызыл жиектер, инженерлік желілер, электр энергиясы мен судың бос қуаттары ашық жарияланған. Бизнес өкілдеріне қаланың жеке жоспары мен дамудың бас жоспары, алынған және бос жатқан жер учаскелері көрсетілген жер-кадастрлық карта да қожетімді болуда.

Өткен жылы электронды форматта көрсетілген мемлекеттік қызмет саны 8 есе өсті. Биылғы жылы «paper-free» қағидасы бойынша әкімдіктің көрсететін 10 актуальды қызметі электронды форматқа көшілірген.

Бұлардан өзге,ТҮКШ саласында, ақылды жариялауда және Big dataны қалыптастыруда жаңа жобаларды іске асыру жоспарланған. Open Almaty алаңының «бір терезе» форматында техникалық жағдайларды жасау қызметін ұсыну жобаланған.Алматыны дамыту Орталығының базасында цифрландыру офисі құрылған.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша мегаполис бекітілген жобалар саны бойынша бірінші орынға шықты. «Өнімді еңбекпен қамтуды дамыту және бұқаралық кәсіпкерлік» Бағдарламасы қолға алынған, ол жұмыссыздар мен өз бетінше еңбектенушілерді жылына 6% несие беру жолымен кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Бағдарлама басталғалы бері құны 1,4 млрд. теңге болатын 90 жоба қаржыландырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір