• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:19:39
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда биыл тегін санаторлы-шипажайлық емдеумен 4000 зейнеткер қамтылмақ. Осы жылдан бастап жолдама беру ережесіне өзгерістер енгізілді. Бүгінгі күні қаладағы зейнеткерлердің саны 222 мыңнан асып жығылады.

36 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген Болат Доскеев зейнетке шыққанына бірнеше жыл болды. Жұбайы екеуінің зейнетақысын қоса есептегенде, олар қолына 100 мың теңгеден аса қаржы алады. Одан бөлек, сексеннің сеңгірінен асқан қария түрлі әлеуметтік көмекті алып отырады.

«Жолақыларын төлейді. Коммуналдық үйдегі жасап жатқан есептеуіш құралдар көрсететін барлығының оған шыққан шығынды төлейді. Электроэнергия көбейіп кетсе, оны төлеп отыр. Сондықтан мен ойлаймын зейнеткер адамдарды мемлекет шет жақта қалдырып отырған жоқ», - деді Болат Доскеев.

Бұл әлеуметтік көмектерден бөлек, қария санаторлы-шипажайға емдеумен қамтылмақ. Қазір ол құжаттарын дайындап жүр. Атап өтерлігі, мұндай жолдама беру ережесіне өзгерістер енді. Бұған дейін тегін демалыспен қамтылушы қарттар тек қала аумағындағы санаторияда емделе алса, осы жылдан бастап, еліміздің кез келген аумағындағы шипажайды таңдау мүмкіндігін иеленді.

«2017 жылы зейнеткерлерге 4071 жолдама берілсе, осы ағымдағы жылы 4000 жолдама қарастырылған зейнеткерлерге. Ал жаңа заң бойынша зейнеткерлер өз қалауымен ҚР кез келген санаторлық-куророттық емдеу алу мүмкіндігі бар. Сол қаражат мемлекет тарапынан 109910 теңге көлемінде қайтарылады», - деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Жазира Каирова.

Осы жылдан бастап қарияларға көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемі де ұлғайды. Оның ішінде бір жолғы көрсетілетін және жарты жылдық көмек бар.

«Мамыр айынан бастап бір жолғы әлеуметтік көмек 10 айлық есептік көрсеткішке ұлғайды. Оның көлемі бұған дейін 7,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде еді. Ол жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлер және әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға беріледі. Сондай-ақ зейнеткерлер суық және ыстық суды есептейтін, газбен жабдықтау жеке есептеуіш құрылғыларын орнату шығынына әлеуметтік көмек көрсетіледі», - деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Гүлнәр Мұхаметова.

Қазір қалада 222 мыңнан астам зейнеркер тұрады. Оның ішіндегі тұрмысы төмен 10 мыңнан астамына әлеуметтік көмек көрсетіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір