• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:58:49
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Саясат

Алматыда БҰҰ кеңсесі ашылуына 25 толу мерейтойы атап өтілді

Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара іс-қимыл тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара іс-қимыл тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Алматыда өткен «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жоғары деңгейдегі жиналыс барысында сөйлеген сөзінде айтты. Іс-шара БҰҰ-ның Қазақстандағы алғашқы кеңсесі ашылуының 25 жылдығына арналды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі CA-News-ке сілтеме беріп жазады. 

Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі халықаралық бастамалары дәл осы БҰҰ-ның трибунасынан ұсынылғанын атап өтті. Жаһандық ұйым мемлекет басшысының кең ауқымды ядроға қарсы және соғысқа қарсы бастамаларын насихаттаудың басты алаңы.

–БҰҰ ұйымдары мен бағдарламалары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып,бұл дәстүрді жалғастыруда. Сонымен бірге, БҰҰ біздің елімізге бұрынғы Семей ядролық полигонын сауықтыру, Арал теңізін қалпына келтіру секілді маңызды жобалар аясында техникалық және қаржылық көмек көрсетті, – деді өз сөзінде Қайрат  Әбдірахманов.

Сыртқы істер министрі Қазақстан мен БҰҰ гендерлік теңдікті ілгерілету, балалардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау, экология, көші-қон, есірткі тасымалына қарсы күрес және басқа да салаларда бірлесіп, белсенді жұмыс атқарып жатқандығын атап өтті.

Қайрат  Әбдірахманов ең беделді орган – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның жуырдағы төрағалығына ерекше назар аударды. Төрағалық аясында Президент Н. Назарбаевтың бітімгерлік бастамаларына және Орталық Азияда бейбітшілік, қауіпсіздік пен даму аймағын құру бойынша шараларына екпін қойылды.

Сонымен қатар, кездесу барысында Алматы қаласында 2030 жылға дейін Орталық Азияда Тұрақты дамудың мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған БҰҰ хабын құру жөніндегі Қазақстанның идеясына БҰҰ тарапынан қолдау білдірілетіні атап өтілді.

Елдегі және аймақтағы БҰҰ қызметі туралы пікір алмасу қатысушыларға Ұйымның көп қырлы жұмысын жүйелеуге және отырыста мақұлданған 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан-БҰҰ бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында өзара әрекеттесудің келешегін айқындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мерейтойлық іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің басшылары, дипкорпустың өкілдері, дипломатиялық қызмет ардагерлері, академиялық және сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. СІМ басшысы мен Алматы Әкімі БҰҰ Кеңсесі осыдан 25 жыл бұрын елімізде өз жұмысын бастаған «Қазақстан» қонақ үйінде естелік тақтайды ашты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір