• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:10:41
Алматы
+35°

29 Маусым, 2018 NEWS

Алматыда белсенділер мұражайдың қонақ үйге айналуына қарсы шықты

Кезінде қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған талай азаматтың мәйіті шыққан мекеме ол.

Алматыда саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған бұрынғы мұражай қонақ үйге айналмақ. Кезінде НКВД кеңсесі болған ғимараттың қазіргі қожайыны нысанды бұзып, жоғарғы қабатынан жатын бөлме, ал Алаш арыстары тергелген жерден мейрамхана ашуға кірісіп те кетіпті. Алматының бір топ белсенділері ғимарат қожайынының бұл шешіміне түбегейлі қарсы болып, телевидениеге дейін шыққан. Алайда олардың жанайқайын елеп жатқан ешкім жоқ. Керісінше, бұрынғы ішкі істер халық комиссариатының ғимаратын қып-қызыл ақшаға сатып алдым деген кәсіпкер оны өз қалауынша өзгертуге хақылы екенін айтып отыр. Бұл туралы КТК арнасы көрсетті.

Кезінде қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған талай азаматтың мәйіті шыққан, бұрынғылар табалдырығынан аттамақ түгілі, терезесіне қараудан қорқатын мекеме ойын-сауық ордасына айналғалы тұр.

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы ның ғимарат басшылығына өкпесі қара қазандай.

«Ішін тас-талқан етіп бұзап тастаған, бұл жерден қонақ үй саламыз дейді. Бүкіл қанды қырғынның орны болған жерге адамдар қалай келіп тұрады? Қалай дәттері бар осындай жерге қонақ үй салады? Қаншама қазақтың бетке ұстар азаматтары бір күн емес, айлап азапталып атылған жер. Бұл жерге солардың мұң-азыр сіңіп, қандары тамған жер. Бұдан артық қандай тарихи орын болу керек?» - деп ашынды Ашуұлы.

Бұл ғимаратта сонау 86-дағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар да тергелген. «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыбек Қуанбаев желтоқсандықтардың суретттері мен кітаптары дәлізде шашылып, қоқыс болып жатқанына қапалы.

«Мен өзімнің суретімді, басқа да танитын жігіттердің суретін коридордан жинап теріп алдым сол жерден. Бұл әруақты жер. Моланы сүріп тастап, үстіне үй де салмайды ғой ресторан түгілі. Қаншама адамның қаны бұл жерде, көз жасы бар. Ғимараттан өліктер шықты ғой былайша айтқанда», - деді ол.

Белсенділер қанша улап-шулағанымен ғимараттың қасиетін түсінетін бір кәсіпкер табылмапты. Тіпті құндылығын әлдеқашан жоғалтқан мекемеге теңейтін көрінеді.

«Үстінде бір он бес минутта тағдырын шешеді адамның, төменге түсіреді де атып тастайды. Осында астында подвалында «тир» деп атайтын өздері. Тти деген жер бар осы күнге дейін аузын жауып қойған. Атады, содан кейін қапқа салады да қаланың сыртына апарып тастай берген. Бұл қазақтың қасіретті тарихына, қасіретті белестеріне тікелей қатысты ғимарат. Сондықтан да ол тарихи ғимарат», - деді тарихшы Бейбіт Қойшыбаев.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір