• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:52:28
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмек

Алматы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясы қаланың жүз алпыстан астам көшесінің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады

Алматы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясы қаланың жүз алпыстан астам көшесінің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады.

Алматы көшелерінің біріне қазақ әншісі Батырхан Шүкеновтың есімін беру туралы ұсыныс жасалды.

Алматыда Алатау мен Бостандық аудандарында біраз көшелердің атаулары өзгеруі мүмкін. Әсіресе, көп қайталанатын көше есімдерінің орнына Әбіш Кекілбаев, Еркеғали Рахмадиев, Батырхан Шүкенов, Фариза Оңғарсынова, Мөңке Би секілді тұлғалардың есімі берілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасы Республикалық ономастика комиссиясына жолдамақ. Сонымен қатар, жер-су атауларын да қаладағы көшелерге беру қарастырылып отыр.

«Осы ұсынылып отырған тұлғалар комиссияның отырысында бірауыздан қолдайды деген сенімдеміз. Негізінен қазіргі таңда бізде басым атауды тарихи жер-су атаулары мен халыққа жақын дәстүрлі атаулар ұсыну арнайы тапсырма бар, соның негізінде біз көбінесе жер-су атауларды қайта жаңғырту, дәстүрлі атауларды ұсынғанбыз», -деді Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Өтепберген Қуатбайұлы.

Дәлірек айтсақ, Бостандық ауданы "Алатау" шағын ауданындағы Наурыз көшесі атауын өзгертуі мүмкін.

Шүкеновтің есімін мәңгі тарихта қалдыру туралы бұл идея мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясы отырысында айтылды.

Батырхан Шүкенов 2015 жылы 29 сәуірде 53 жасында Мәскеуде қайтыс болды. Шығармашылық жолын Роза Рымбаевамен бірге саксофонист ретінде бастаған Батыр 1988 жылы "А'Студио" тобын құрды. Ал 2000 жылдан бастап жеке ән айта бастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір