• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:35:01
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматыда баскетболдан Ұлттық студенттер лигасының плей-офф кезеңі өтеді

Алматыда баскетболдан Ұлттық студенттер лигасының плей-офф кезеңі өтеді

Сәуірдің 21-25 аралығында "Достық" спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық студенттер лигасының плей-офф кезеңі өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

21-24 сәуір аралығында баскетболшылар топтық кезеңде жартылай финалдарда кездеседі. Ұлдар “Нархоз” университетінде, ал қыздар  әл–Фараби атандағы ҚазҰУ химия факультетінің залында өзара мықтыны анықтайды. Ал гранд финалдар мен қола үшін ойындар екі санат бойынша 25 сәуірге жоспарланған.

Ерлер санаты: тұрақты чемпионаттың нәтижелеріне сәйкес үздік 16 команда 4 топқа бөлініп, жартылай финалға жолдаманы сарапқа салады. Әр топтан жартылай финалға тек бір команда өтеді.

Негізгі шарттардың бірі, бір дивизиондағы командалар бір топта бәстесе алмайды, «Алматы» дивизионынан басқа. Себебі, финалда олардан 5 команда қатысады. Жартылай финалдардың жеңімпаздары ақтық мәреде кездеседі, ал жеңілгендер қола үшін жарыс жолына шығады.

Әйелдер санаты: маусым нәтижелері бойынша 8 үздік команда 2 топқа бөлінеді, ал 1 және 2 орындардың иегерлері жартылай финалға шығады. Оның чемпиондары сәйкесінше алтын медальдарды, ал қалғандары 3 орынды сарапқа салады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, финалда баскетбол жанкүйерлерін тосын сый, құрметті қонақ күтеді.

Турнирдің шешуші кезеңінің үздік ойыншылары ISBC Халықаралық Кубогына қатысады. ҚР Ұлттық баскетбол Федерациясы студенттік қауымдастығынан Қазақстан құрама командасының халықаралық студенттік Кубогына шақыруын қабыл алды. Баскетбол додасы мамырдың 17-і мен 24-і күндері Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір