• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:56:46
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда азаматтық қоғам институттарын дамытудың Жол картасы қабылданды

Бүгінгі күні Алматыда 4 мыңдай ҮЕҰ бар немесе олар барлық қазақстандық қоғамдық ұйымдардың 20%-дан астамын құрайды

Қоғамдық кеңестің кеңйтілген отырысы барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев Қазақстандағы алғашқы «Белсенді мегаполис» атты біріккен Жол картасына қолдарын қойды.

Бүгінгі күні Алматыда 4 мыңдай ҮЕҰ бар немесе олар барлық қазақстандық қоғамдық ұйымдардың 20%-дан астамын құрайды. Аталған құжатты қабылдау азаматтық қоғам, дін салалары мен жастар арасында үздік практиктерді, мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың формаларын мен механизмдерін прайдалана отырып, ынтымақтастық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.

Жиын барысында Бауыржан Байбек Алматы әкімдігінің қаланың қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту жөнінде нақтылы ұсынысы бар екенін және оны әлеуметтік бастамаларды қолдау арқылы орындауға болатындығын атап өтті. Ол мұның диалог мәдениеті мен жауапкершілікті арттырудағы маңызы шарт екенін айтты.

«Ашықтық, есептік және азаматтық қоғамды барынша кеңінен тарту - біздің жұмысымыздың басты қағидалары. Қазіргі кезде барлық әлеуметтік маңызы бар жобалар мен шешімдер қаланың Қоғамдық кеңесінен сараптамасынан өтуде. Мегаполисті дамытудың «Алматы-2020» стратегиялық бағдарламасы алғаш рет қала тұрғындары арасында кеңінен қоғамдық талқылаудан өткен соң ғана қабылданды», -деді мегаполис әкімі.

Өз кезегінде Дархан Қалетаев Жол картасында бірқатар біріккен шаралар өткізу қарастырылғанын айтты. Мәселен, Алматыда Азаматтық орталықты ашу, ҮЕҰ өкілдерін үйрету үшін семинарлар өткізу және қала университеттерінің «U38» Альянсымен ынтымақтастық орнықтыру жоспарланған.

Дін саласында қала имамдарының кәсіби біліктілігін артыру үшін курстар, республикалық семинарлар мен тренингтер өткізу, ақпараттық-түсіндіру материалдарын жасау жоспарланған. Жастар саясатын жүзеге асыру аясында ТМД мемлекеттері қатысушылары жастарының Форумын және еріктілердің республикалық слетін ұйымдастыру белгіленген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір