• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:32:49
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда «Астана тарихы» атты ғылыми-көпшілік кітабының тұсаукесері өтті

Тұсаукесерге Алматы қаласы басшылығы, танымал тарихшылар мен ғылыми зерттеу институттарының директорлары беделді қоғам қайраткерлері қатысты

Алматыда Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында, еліміздің астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшіруінің жиырма жылдығына арналған «Астана тарихы» атты ғылыми-көпшілік кітабының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге Алматы қаласы басшылығы, танымал тарихшылар мен ғылыми зерттеу институттарының директорлары, музейлер мен архив басшылары және т.б. беделді қоғам қайраткерлері қатысты.

Айта кетейік, «Астана тарихы» ғылыми кітабының авторы – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов.

– Бұл еңбекте ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі қала тарихы, өлкенің атақты тұлғалары (мысалы: Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қажымұхан Мұңайтпасұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Мариям Жагорқызы, Ілияс Есенберлин,  Р.Қошқарбаев, Ж.Тәшенов т.б.) сонымен қатар, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес, еңбегімнің жетінші бөлімінде қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен ұлтық құндылықтары, дәстүрлері баяндалған.  Бұл кітапты жазуға  екі-үш жыл бойы еңбектендім. Кітап үш тілде жарыққа шығады. Кітаптың жарыққа шығуына техникалық себепкер, мұрындық  болған «Атамұра» корпорациясы. Үш мың данамен оқырман қауымға таратылатын болады. «Астана тарихы» кітабының мақсаты – Астана арқылы  қазақтың кім екенін, қазақ халқын көпшілікке таныту. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу қарсаңында  және астананың Алматыдан Ақмолаға (Астанаға) көшірілгеніне 20 жыл толу мерейтойына орай жазылған,- дейді автор Зиябек Қабылдинов.

Шара барысында автордың әріптестері, тарихшылар өз пікірлерімен бөлсіті. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесі мен Алашорда үкіметінің 100 жыл толуына орай, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қатысушылар мен қонақтарға «Алаш қайраткерлері бейнеленген» төс белгілер мен автордың жаңа кітабын сыйлыққа берді.

- Тәуелсіздік мерекесі аясында өткізіп отырған шара, елдігіміздің, тарихымыдың түгенделуі деп санар едім. Мен баспагер болсам да, кітапты шолып шықтым. Зиябек нақты деректер келтіріп, Қажымұқан Мұңайтпасұлының ерліктерін жақсы көрсете білген. Әсіресе, төртінші тарау маған әсер қалдырды. Сондай-ақ, «Алжир» лагеріндегі әйелдердің қатал тағдыры әсерлі бейнеленген. Автордың бір ерекшелігі менің байқағаным, жыл сайын туған күнінде бір кітаптың тұсауы кесіледі екен. Сондықтан, алаулатып, дүркіретіп туған күн жасағаннан, ғылымға үлес қосып шығармашылығын шыңдағанын мақтанышпен айтқым келеді, - дейді «Атамұра» корпарациясының президенті Рахымғали Құлмұхаммед.

«Астана тарихы» кітабының тамаша мазмұны көпшіліктің көңілінен шығып, ыстық ықыласқа бөленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір