• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:24:44
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 Спорт

Алматыда әскери бокстан ашық турнир басталды

Биыл 8 салмактық дарежеде 12 команда 96 әскери боксшылар басекеге туседі.

Алматы каласында бокстан Қазакстан Республикасы Құрлық әскери күштерінің Бас қолбасшысының кубогына 5 ашық турнирі басталды.

Биыл 8 салмактық дәрежеде 12 команда, 96 әскери боксшы басекеге түседі. ҚР спорт шебері, үш дүркін ТМД чемпионы аға лейтенант Қанат Сүлейменов, ҚР спорт шебері Бауыржан Абдуллаев, Қорғаныс Күштерінің чемпионы, спорт шебері және екідүркін чемпионы, қатардағы жауынгер Азамат Тілегенов және т.б. спортшылар қатысады.

Әскери бокс

Турнирдің ашылу салтанатында штаб басшысы, әуе шабуыл әскерінің бірінші орынбасары полковник Мереке Күшікбаев сайыстың маңыздылығын атап өтті.

Мереке Күшікбаев еліміздегі әскери боксты насихаттап спортшылардың шеберлігін, біліктілігін арттыру керек екендігін және келешегі бар спортшыларды әзірлеу, ұлттық құрама командаларды қалыптастыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға жеңіс тіледі.

Әскери бокс

Турнир халықаралық бокс федерациясының ережелеріне сай өтеді. Қатысушылар салмақтық дәрежелелеріне байланысты бәсекеге түседі. Халықаралық ережеге сай салмақтық дәрежеге байланысты қатысушылардың орны анықталады. Екі немесе одан көп командалардың ұпай сандары тең түскен жағдайда, басекелестік орын алған командалардың ішінде салмақ дәрежесі бойынша басым түскен командаларға беріледі.

Әскери бокс

Әскери бокс

Әскери бокс

Турнирдің жабылуы және соңғы сайыс 20 мамырда сағат 11.00-де Алматы қаласы,Сәтбаев көшесі, 6Б ҚР ҚМ АОСК оқу- жаттықтыру орталығында өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір