• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:49:41
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда «Алтын Сопақ» атты регби 7-ден Қазақстан чемпионаты аяқталды

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, дипломдармен, ал, үздік ойыншылар арнайы сыйлықтармен марапатталды

Алып шаһарда Қазақстан регби федерациясының бірінші президенті Төлеубек Абдықадыровты еске алуға арналаған «Алтын Сопақ» атты регби 7-ден Қазақстанның ашық чемпионаты аяқталды.

«Авиатор» стадионында балалар мен жасөспірімдер арасында өткен ойындардың нәтижесінде өз жастары бойынша ұлдар арасында БЖСМОР-1 (Талдықорған), Олимп, Талдықорған командалары жеңімпаз атанса, қыздардан бірінші орынға Алматы, Олимп және Астана командалары ие болды.

«Ойыннан алған әсерім тамаша. Финалда талдықорғандықтардан ұтылып қалдық. Екінші орында жаман емес, былтыр алтын алған болатынбыз. Қарсыластарымыз мықты болды, бізге ауызбіршілік жетіспеді деп ойлаймын», - деп өз ойымен бөлісті Алматы командасының ойыншысы Руслан Шаймухаметов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, дипломдармен, ал, үздік ойыншылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Олар: үздік қорғаушылар Бахрам Халметов (ОҚО), Дариға Әмірбекова (Астана); үздік ойыншылар Александр Галушкин мен Алена Дробовская (екеуіде Алматы); үздік шабулшылар Олег Гусев (Алматы облысы) пен Гүлім Бахытбек (Талдықорған).

Айта кетер жайт, бұл чемпионатқа еліміздің әр аймағынан және Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген 38 команда қатысқан болатын. Олар Халықаралық регби федерациясының ережесіне сәйкес (World rugby) ойын өткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір