20Ақпан

Алматыда «Алтын қалам» иегерлері марапатталды

Алматыда «Алтын қалам» иегерлері марапатталды
Ⓒqamshy.kz

Алматыда "Алтын қалам" әдеби жүлдесі аясында кездесу өтті. Шара барысында авторларға алғаш рет әдеби "Оскар" сыйлығы табыс етілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді. Жеңімпаздар "Алтын қалам" байқауы мен Әлеуметтік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 50-ден астам сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. Сарапшылар сондақ-ай, қазіргі таңда сұранысқа ие әдеби жанрлары, үздік авторлар мен үздік кітаптарды атап өтті. 

Кездесу барысында   Жылдың үздік баспасы, Жылдың әдеби дебюті, Кiтап like (оқырмандар таңдауы), Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап, Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшінаталымдары бойынша мүсіншелер мен дипломдар табысталды. 

"Жылдың ең үздік баспасы" аталымы бойынша "Өлке" баспасының директоры Мереке Құлкенов марапатталды. 

"Үздік баспа атану үшін ең алдымен қазақ қаламгерінің қандай деңгейде екенін анықтап алу керек. Не болса соны басып шығара беруге болмайды. Екіншіден, қазақ тілді жазушыларға қамқорлық керек",-деп жауап берді  Мереке Құлкенов Айдос Сарымның сауалына. 

Айдосй Сарым

"Жылдың әдеби дебюті" аталымы бойынша Олег Червинский марапатталса, оқырмандар таңдауымен "Кітап like" аталымы бойынша Зира Наурызбаеваның "Четыре облака" кітабы үздік деп танылды.   

"Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап" аталымы бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы  Ерлан Кариннің "Между ИГИЛ и Аль-Каидой" кітабы үздік деп танылды. 

Ал әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін "Жылдың үздік меценаты" номинациясы ZHERSU инвестициялық-өндірістік корпорациясының төрағасы Бауыржан Оспановқа бұйырды. 

Марапатқа ие болған бес тұлғамен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Айдос Сарым, Досым Сатпаев, Нұржан Жалауқызы, Расул Жұмалы және Қуат Домбай шағын сұхбат жүргізді. 

Досым Сатпаев

Ал жеңімпаздарға табысталған мүсіншелер "Эльдани" қайырымдылық қорының "Сәндік-қолданбалы өнер шеберханасында" дайындалды. Аталған ұстаханада бірінші және екінші топтағы мүгедек 15 шебер жұмыс істейді.

"Алтын қалам" құлашын кең жайып келеді. Байқауға қатысушылар қатары да , жолданған жұмыстар саны да жыл өткен сайын артып келеді,-дейді ұйымдастырушылар. 

Өз сөзінде Айдос Сарым "Оқырмандар арасында да байқау ұйымдастыру керек",-деп айтып өтті. 

Айдос Сарым

Әдеби кештің қодаушылары:  “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы,   QAZKOM,   "Русское радио Азия", «Қазақстан баспасөз клубы», "КТК", "31 арна",  "Меломан" сауда желісі, Qamshy.kz ақпарат агенттігі,  "Айқын", "Жас алаш" басылымдары, "Аруна" баспа үйі. 

Алтын қалам

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 5 күн бұрын

    ...Басқаларды білмеймін, Ұлты үшін шырылдап жүрген нағыз "Алтын қалам" иесі Мырзан Кенжебай!

  • 6 күн бұрын

    Ал кутты болсын

  • 6 күн бұрын

    Әдебиеттегі тұлғалардың марапатталып жатқаны жақсы екен! Бір-біріне қолдау көрсетіп, шығармашылықтың шыңына жетеді деген сенімдемін.

1
Бұрынғы қазақ көк көзді, сары шашты болған ба?
20/02 09:37 0 52
2
20 ақпанда Қазақстанда қар жауып, бұрқасын соғады
20/02 09:18 0 68
3
Президент латын графикасына көшу туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді
20/02 09:05 4 283
Елбасы Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекітті
20/02 08:59 0 74
Алматыда қырғыз депутаты екі айға қамалды
20/02 08:38 0 74

Таныстырылғандар

Зәуреш
Зәуреш
Зәуреш
Мені есіңе ап, көкке қарап тұрарсың Жанарыңа ыстық жасты үйіріп
08/02/2018 13:27 1 648
Байлар: Қап, кедей болғанымызда ғой...
Байлар: Қап, кедей болғанымызда ғой...
Байлар: Қап, кедей болғанымызда ғой...
Суфиянның кейбір бай достары «Қап, кедей болғанымызда ғой» дейді екен.
10/02/2018 15:09 0 1169
Ай-қыздың неге мұңлы жанары?
Ай-қыздың неге мұңлы жанары?
Ай-қыздың неге мұңлы жанары?
Тағдырды тылсым танып көктегі, Тұр екен олар дәріптеп нені?
11/02/2018 17:35 0 635
Шындықтың жаназасы... Қазақстанда Шындық қайтыс болды...
Шындықтың жаназасы... Қазақстанда Шындық қайтыс болды...
Шындықтың жаназасы... Қазақстанда Шындық қайтыс болды...
Жағымпаздар министрі, Өтірік министрі, Мафия министрі, Таққұмар министрі, Баққұмар министрі, әртіс депутаттар, кландар мен жыландар келді...
12/02/2018 12:53 16 5771
Түнгі елес
Түнгі елес
Түнгі елес
Бiр қорқыныш, бiр үрей бойды билеп, Тереземе қараймын жайлап қана
13/02/2018 19:23 0 763
Қазақтан басқа ешбір ел әлем тарихын бірауыз сөзбен жазбаған
Қазақтан басқа ешбір ел әлем тарихын бірауыз сөзбен жазбаған
Қазақтан басқа ешбір ел әлем тарихын бірауыз сөзбен жазбаған
Қазақи уақыт өлшемдері әлем тарихының ең сенімді дерек көзі...
14/02/2018 12:08 0 756
Ринат Зайытов. Бір елде бір "Мырза" бар уайымы жоқ...
Ринат Зайытов. Бір елде бір "Мырза" бар уайымы жоқ...
Ринат Зайытов. Бір елде бір "Мырза" бар уайымы жоқ...
Бір елде бір "Мырза" бар уайымы жоқ Сөзінің шындығы аз, ойыны көп
14/02/2018 13:35 29 7406
Кіші жүзге таңба мен ұран неге берілмеді?
Кіші жүзге таңба мен ұран неге берілмеді?
Кіші жүзге таңба мен ұран неге берілмеді?
,илердің шешімімен Ұлы Жүз бен Орта Жүзге таңба мен ұран беріледі де, Кіші Жүзге берілмейді.
15/02/2018 11:11 25 2202
Алматым, адыра боп барасың-ау
Алматым, адыра боп барасың-ау
Алматым, адыра боп барасың-ау
Ару едің Алматым алабөтен, Алаяққа болдың-ау қала-мекен
15/02/2018 18:51 3 652
Павлодарлық ақын көкек аналарға өлең арнады
Павлодарлық ақын көкек аналарға өлең арнады
Павлодарлық ақын көкек аналарға өлең арнады
Жеті атасыз жер басқан жетімекпін, Жоқ менде арқа сүйер нағашы да
16/02/2018 16:50 1 492
Ерімен жарысқан әйел
Ерімен жарысқан әйел
Ерімен жарысқан әйел
Ертеде бір бойдақ жігіт сұлу қызға көзі түседі...
16/02/2018 17:45 0 6191
Рақымжан аға, сізді кім (не) өлтірді?
Рақымжан аға, сізді кім (не) өлтірді?
Рақымжан аға, сізді кім (не) өлтірді?
«Құдайға жан қарызым бар. Басқа қарызым жоқ», - деуші едіңіз. Сол қарызыңызды беріп құтылған сияқтысыз.
17/02/2018 21:06 12 7147
Дулат Исабеков: Қазақ әдебиетінде постмодернизм жоқ
Дулат Исабеков: Қазақ әдебиетінде постмодернизм жоқ
Дулат Исабеков: Қазақ әдебиетінде постмодернизм жоқ
Тәуелсіздік алғаннан кейін бір-екі әңгіме жазғаным болмаса, прозаға қайта келе алмай жатырмын. Бірақ прозаға оралу – ішкі арманымның бірі
18/02/2018 11:40 9 4453
Дулат Исабеков: Постмодернистер – өмірден өзін-өзі жоғалтып алған адамдар
Дулат Исабеков: Постмодернистер – өмірден өзін-өзі жоғалтып алған адамдар
Дулат Исабеков: Постмодернистер – өмірден өзін-өзі жоғалтып алған адамдар
Мен америкалық жазушы Чак Паланик «Бойцовский клуб» романын оқып жатырмын.  Міне, «настоящий» постмодернизм.
19/02/2018 13:08 0 488