• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:02:04
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2018 NEWS

Алматыда Әблязов ісіне қатысты тағы бір сот отырысы өтеді

Бұдан бұрын айыпталғандардың қатарына Ж. Жарымбетов, Қ. Садықов және С. Мәмештен басқа 11 адам қосылды.

Алматыда БТА Банктегі тонау ісі бойынша тағы бір сот отырысы өтпек, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолғы тыңдалым Медеу аудандық №2 сотында өтеді. Бұдан бұрын айыпталғандардың қатарына Ж. Жарымбетов, Қ. Садықов және С. Мәмештен басқа 11 адам қосылды.

Болатханова Сәулеге (банктің бұрынғы менеджері), Жолдыбаева Сәуле (Банктің бұрынғы басқарма мүшесі), Диқанбаева Ермек (банктің несие комитетінің бұрынғы мүшесі), Исенов бақытжан, Мәмеш Сәдуақас (банк басқармасының бұрынғы төрағасы), Тәсібеков Бағдатқали (банктің атқарушы директоры болған), Өзбекқалиев Райымхан (банктің бұрынғы менеджері), Холодзинский Генриг (банк директорының орынбасары болған), Мақсатбек Жәмиләға (банк басқармасының бұрынғы төрағасы) ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-тармағының «б» тармақшасына сәйкес (16.07.1997 ж. өзгертілген, сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иелену немесе мүлкін ұрлау) бойынша күдік тағылды.

Сондай-ақ пара алды деген күдікпен Мақсатбекұлы Ұлықбек пен Молчанова Еленаның да ісі сотқа жіберілді.

Алдын-ала тыңдалым 16 қаңтарда өтті. Алайда БАҚ өкілдерін сот залына кіргізбеген. Соттың істі қарауы 23 қаңтарға жоспарланды.

Айта кетейік, 2017 жылдың 7 маусымында сот Әблязовтың дүние мүлкін тәркілеп, 20 жылға бас бостандығынан айырған. Оның сыбайласы Қайрат Садықов сот залынан қамауға алынып, 15 жылға бас бостандығын айыру туралы шешім қабылданды және 300 МРП көлемінде айыппұл тағылып, банк саласында қызмет ету құқығынан айырылды.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір