• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:49:24
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 NEWS

Алматыда 5 күн бұрын жоғалып кеткен баланың өлі денесі табылды

Полицейлердің хабарлауынша, баланың денесі тереңдігі 1 метр шұңқырдан табылған.

«Шаңырақ» ықшам ауданында бес күн бұрын жоғалып кеткен төрт жасар баланың өлі денесі табылды. 

Полицейлердің хабарлауынша, баланың денесі лай суға толы шұңқырдан табылған. 

Айта кетейік, 17 мамырда 2014 жылы туған Көмеков Арсеннің жоғалып кеткені жайлы ақпар тараған. Түстен кейін есік алдына ойнауға шығып кеткен бала үлкендердің қарауынсыз қалып, белгісіз бағытқа кетіп қалады. Анасы баласының жоғалғанын кешке жұмысынан келген соң бірақ байқайды. Баланы іздестіру шарасына 100-ден аса полиция қызметкері жұмылдырылып, 18 мыңнан аса адам сұралған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір