• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:00:47
Алматы
+35°

13 Қараша, 2017 Аймақтар

Алматыда 30 мыңнан астам тұрғын сумен қамтудың жаңа желілеріне қосыла алады

Келеңсіз жайттардың алдын алу және суық сумен тұрғындарды тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа желілерде насосты станциялардың қуаты арттырылды

Алматыдағы Наурызбай ауданының 30 мыңнан астам тұрғыны сумен қамтудың жаңа желілеріне қосылу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Наурызбай ауданында жаңа инженерлік желілердің іске қосылуы арқасында «Алты алаш», «Қалқаман-2» елді мекендеріндіңі жеке секторындағы 5 мың үй мен «Қалқаман-3» ықшам ауданындағы 30 мыңға жуық тұрғын таза ауыз суға ие болды.

«Әр үйге таза суық су жаңа құбырлар арқылы берілуде. Үй иелері орталықтандырылған су желісін пайдалану үшін су бөлгішке қосылуы және«Алматы су» МКК- мен тиісті келісім жасаулары қажет»-, деді Алматы қаласының Энергетика жәнк коммуналды шаруашылық басқармасындағылар.

Бұған дейін аталған елді мекендердің тұрғындары техникалық талаптар сақталмаған жеке су скважиналарын және қолдан жасалған су желілерін пайдаланып келген еді. Соның салдарынан апаттар жиі болатын, ал жаз айларында суды көп тұтынатындықтан қысым төмендеп кететін.

Келеңсіз жайттардың алдын алу және суық сумен тұрғындарды тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа желілерде насосты станциялардың қуаты арттырылды.

Орталық су желісіне қосылу «Қалқаман-3» ықшам ауданынан басталды, қазіргі кезде мұнда 560 жеке үй таза суық суды пайдалануда. Ендігі кезекте «Алты Алаш», «Қалқаман-2» ықшам аудандары.

«Алматы су» МКК 4 мыңға жуық үй иелерінің орталықтанған су желісіне қосылу үшін құжаттар тапсырғанын айтты.

Бір ай ішінде барлық тұтынушылардың құжаттары толтырылады және олар жаңа желіге қосылады.

Мемлекеттік бюджет есебінен 209 км жаңа су желілерінің және кәріздің құбырлары жүргізілді, соның арқасында елді мекендерді орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүзеге асып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір