• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:52:45
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2018 NEWS

Алматыда 164 көшенің атауы өзгерді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жалпы Қазақстан бойынша көше атаулары қазақшаланып жатыр.

Алматы қаласындағы Алатау ауданында 164 көшенің атауы өзгерді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы саясаттанушы Айдос Сарым өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды.

"98 пайызы қазақы атау! Арасында Фариза Оңғарсынова, Мөңке би, Молдияр Серікбаев, Рафиқа Нұртазина, Жәңгір хан, Әбіш Кекілбаев, Әбілқайыр хан, Еркеғали Рахмадиев, Хасен Оралтай, Сағи Әшімов, Батырхан Шүкенов атындағы көшелер бар! Құтты болсын! — деп сүйінші сұрады Айдос Сарым.

Күні кеше "Қамшы" порталында "Алматы көшелерінде бодандықтың ізі сайрап жатыр" деген мақала жарық көрген еді. Автор Алматыда үлкенді-кішілі 711 көше бар екенін айтып, оның 100-ге жуығы орыстардың есім-сойымен аталатына қынжылған.

Айта кетейік, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жалпы Қазақстан бойынша көше атаулары қазақшаланып жатыр. Мысалы, жақында Павлодардағы Кутузов көшесін Тәуелсіздік даңғылы деп атау мақұлданды. ШҚО белсенділері Өскемендегі Ворошилов көшесіне Шәкәрімнің атын беру керек деп облыс әкіміне хат жазды.

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір