• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:02:01
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 NEWS

Алматыда 14 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

Алматыдағы Әуезов ауданында із-түзсіз жоғалған Малика Орақбаеваны іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Алматыдағы Әуезов ауданында із-түзсіз жоғалған Малика Орақбаеваны іздестіру жұмыстары жалғасуда. Үш күннен бері 14 жастағы мектеп оқушысынан хабар жоқ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Малика Орақбаева Алматыдағы Төле би-Момышұлы көшелері қиылысынан таксиге отырып, Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылына бармақ болған.

«Оқиға 15 сәуір күні болған. Малика Орақбаеваның анасы 16 сәуір күні Жамбыл ауданының полицейіне келіп, қызының жоғалғандығы жөнінде хабарлады. Қазір оқушыны іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қарғалыдағы мектептің мұғалімдері де полицейлермен бірігіп, жасөспірімді іздестіріп жатыр. Қыз бала Алматыда жоғалғандықтан, іздестіру жұмыстары Жамбыл ауданында және Алматы қаласында да жалғасуда», деп мәлім етті Алматы облыстық  ІІД  баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 9-сынып оқушысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылындағы мектепте оқыған. Жеткіншек ата-әжесінің тәрбиесінде болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір