• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:08:17
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 NEWS

Алматыда 111 жастағы зейнеткер 80 жылдан бері құжат жасата алмай жүр

Юрий Репиннің айтуынша, ол жылдар бойы құжаттарын жасатқысы келген. Оған тіпті еріктілер де көмектескен екен. Алайда, нәтиже болмаған.

Алматы облысында 111 жасағы зейнеткер 80 жылдан бері құжатсыз өмір сүріп жатыр. Юрий Репин төлқұжатын 1933 жылы жоғалтып алған. Құжаттарын қайта жасату үшін бармаған жері жоқ көрінеді, бірақ  нәтиже болмаған.

Бұл жайында Астана ТВ хабарлады.

— Мен Владивостоктан 1933 жылы осында келе жаттым. Менің құжаттарымды алып қойды. Әскери билетім де, құжатым да соларда кетті. Мен қазір зейнетақы алмаймын, - дейді Юрий Репин.

Қазір зейнеткер азаматтық некедегі әйелінің зейнетақысына өмір сүріп отыр. Айына – 30 мың теңге. 25 мыңын пәтерге төлейтін көрінеді.

Юрий Репиннің айтуынша, ол жылдар бойы құжаттарын жасатқысы келген. Оған тіпті еріктілер де көмектескен екен. Алайда, нәтиже болмаған.

Аудан әкімдігіндегілер зейнеткердің жағдайымен таныс екендерін айтқан.

— Алдағы уақытта құжаттары жасалады, - дейді шенеуніктер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір