• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:46:39
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 Аймақтар

Алматыда «100 нақты қадам» ұлт жоспары» төңірегінде дөңгелек үстел өтті

Қоғамдық кеңес ең бірінші кезекте халықпен жұмыс істейді және де жауапты құзырлы органдарға жетпей қалған мұң-мұқтаждықтар мәселесін барынша шешуге тырысады

Алматы қаласында Достық үйінде «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жолында: Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспары» атты дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қоғамдық жоба» мекемесі Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік талаптарына сәйкес «Алматы қаласында 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар өткізу» жобасын іске асыру үшін біршама іс-шаралар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда. Солардың бірі – Алматы қаласындағы Достық Үйінде өткен «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жолында: Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспары» атты дөңгелек үстел болып табылады.

Алматы қаласы әкімдігі

Аталмыш шараға модератор ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ҒСТ, Алматы қаласы ҚХА ҚКК мүшесі Дана Мукатова қатысты. Сонымен қатар Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсуров, ҚР Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы орынбасары Геннадий Данияров, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дәурен Бабамұратов және өзге де мемлекеттік және қоғамдық ұйым басшылары, саяси партия мүшелері, әр түрлі университет студенттері мен мұғалімдері қатысты.

Алматы

Қоғамдық кеңес мүшесі Дәурен Бабамұратов «Алматы қаласының әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде азаматтық қоғам мен биліктің өзара әрекеттестігін күшейтудегі Қоғамдық келісімнің рөлі» жайында дөңгелек үстел барысында баяндап берді.

«Барлықтарыңыз білетін «100 нақты қадамның» ішіндегі ең маңыздыларының бірі бүкіл Республика көлемінде Қоғамдық кеңестердің құрылуы болып табылады. Қоғамдық кеңестер не үшін құрылды? Әлі күнге дейін жер-жерлерде Қоғамдық кеңестер қандай қызмет атқарады? Бұл да бір бақылайтын орган ба әлде жәй ғана кезекті басқосу ма? деген секілді алып-қашпа пікірлер де өте көп, соған сәйкес сұрақтар да туындап жатады. Біріншіден, Қоғамдық кеңес – мемлекеттік билік пен қоғамның, халықтың арасындағы диалогты күшейту. Екіншіден, бұл – билік пен халық арасындағы диалогты түрлендіру. Үшіншіден, Қоғамдық кеңес – құзырлы мемлекеттік органдарға қоғамның тарапынан бақылауды күшейту.

Жоғарыда аталған мақсаттар қаншалықты орындалып жатыр? Алматы қаласының төңірегінде Қоғамдық кеңес жұмысының қаншалықты жүзеге асып, жүйелі түрде өтіп жатқандығын айты кетер болсақ, мұның атқарып отырған шаруасы өте көп. Біздің almatykenes.kz атты сайтымыз бар, соның ішінде атқарып отырған жұмыстар, өтіліп жатқан іс-шаралар барлығы да көрсетілген. Кез келген уақытта өздеріңізге керекті ақпаратпен таныса аласыздар», - деп Қоғамдық кеңестің негізгі атқаратын жұмыстарына тоқталып өтті.

Оның айтуынша, Қоғамдық кеңес ең бірінші кезекте халықпен жұмыс істейді және де жауапты құзырлы органдарға жетпей қалған мұң-мұқтаждықтар мәселесін барынша шешуге тырысады.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшесі Дәурен Бабамұратов Алматы қаласындағы оралмандар мәселесіне де тоқталып өтті. Бұл ретте Қоғамдық кеңес пен Алматы қаласындағы көші-қон басқармасының бірлесе отырып жасаған жұмыстары жайында айтып өтті.

«Алматы қаласы 2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін оралмандарды қабылдау статусынан айырылған болатын. Алайда, өткен жылдан бастап Алматыда қайтадан оралмандарды қабылдау жүйелі түрде қолға алынды. Соның аясында, осы бір жылдың ішінде барлық жағдайларды бақылап қарап отырдық. Оралман мәртебесін алуға ұсыныс берген тұлғалардың барлығы оған қол жеткізді. Бұл мәселе тікелей біздің қарамағымызда болды. Үнемі жауапты құзырлы органдармен кездесіп, істің мән-жайын бақылап отырдық», - дейді ол.

Дәурен Бабамұратов Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің өзге де атқарып жүрген істеріне, қоғамның, ұлттың мәселесін шешудегі оның рөлі жайында толыққанды баяндап берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір