• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:10:48
Алматы
+35°

01 Шілде, 2018 Аймақтар

Алматы жастары тиімді шарттары бар жеңілдетілген тұрғын үйге ие бола алады

Алматы қаласында «2020 жылға дейін жастарды қолдау жол картасы» аясында «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылады

Алматы қаласында «2020 жылға дейін жастарды қолдау жол картасы» аясында «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылады. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі кез-келген санаттағы алматылықтарға өз пәтерін сатып алу үшін жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді. Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды.

Қала жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Алматы Жастары» бағдарламасы Алматы қаласында 2017 жылы қолға алынған. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген.

Бағдарлама аясында 2017 жылы 6657 өтініш түсіп, 108 отбасы тұрғын үй сатып алуға несие алды.

2018 жылы «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді.

«Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни жобаға қатысушылар жылдық мөлшер 5% болатын 10 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен несие ала алады. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай 3 жылдан 25 жылға дейінгі аралықта жеке жасалынады.

Құжаттарды қабылдау www.almaty-zhastary.kz сайтында жүзеге асады, бағдарлама аясында несиелендірудің ашықтығы қамтамасыз етіледі.

2018 жылы бағдарламаға бірқатар жаңартулар енгізілді:

• бірінші балаға 10 балл, ал әрбір келесі балаға 20 балл;

• балдық жүйеде хабарландыру шыққаннан бастап некеде 1 жыл тұрған жас жұбайларға 30 балл бөлу қарастырылған.

Ағымдағы жылы шілденің 9-ы мен 20-сы аралығында бағдарлама аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысу туралы өтініш www.almaty-zhastary.kz арнайы порталы арқылы қабылданады.

Несие тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді, оны бағдарлама қатысушысы өз бетінше таңдайды.

«Алматы Жастары» бағдарламасы туралы толық мәліметті www.almaty-zhastary.kz сайтынан, Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы (www.uzh-almaty.kz) және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (www.hcsbk.kz) телефондары: 300 немесе 8-8000-801-880 (қоңырау шалу тегін), +7 (727) 380 05 23 арқылы білуге болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір