• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:47:30
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2018 Аймақтар

«Алматы жастары» бағдарламасына 2 миллиард теңге бөлінбек

«Алматы жастары» бағдарламасына 2 миллиард теңге бөлінбек

Алматыда қала қазынасынан халықтың әлеуметтік қажеттілігіне қосымша қаражат бөлінді. 65 миллиард теңгеге жуық қаржы бюджетті оңтайландырып, салық түсімінің артуы арқасында беріліп отыр. Мәслихатта 2018 жылға арналған бюджет Елбасының жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамаларын ескере отырып нақтыланды. Биыл Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 250 мың теңгеден беріледі. Сондай-ақ «Алматы жастары» бағдарламасына 2 миллиард теңге бөлінбек.

Биыл Алматыда 3 мыңға жуық баланы қамтитын жеке балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуға 850 млн теңге бөлінді. Ал аз қамтылған отбасылардың 4 мыңнан астам балалары жазғы демалыстарға жіберіледі. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ай сайын көрсетілетін коммуналдық қызмет ақысын төлеу 5,5-тен 6,5 айлықтық есептік көрсеткішке жетті. Яғни, әдетте 13 мың 227 теңге бөлінсе, енді бұл 15 мың 632 теңгеге өсті. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға орталық тармақтан жеке үйлеріне дейін газ тарту шығынын әкімдік 100 пайыз өтейді. Оған қоса, жыл аяғына дейін 3 мыңнан астам адам «Еңбекпен қамту өнімділігі» бағдарламасы аясында жұмысқа тартылады. Басымдық бұл жолы да туризмге беріліп отыр.

«Ағымдағы жылы Алматыда туризмнің барлық саласын дамыту үшін кешенді жоспар әзірленді. Медицина, спорт, тау-шаңғы курорты, эко және этно туризмді ілгерілету керек. Халықарылық деңгейдегі 50 іс-шараны өткізуді жоспарлап отырмыз. Қаланың әрін кетірген автобекеттер мен темір жол вокзалын ретке келтіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазір «Қазақстан Темір жолы» 22 млрд теңге бөліп, 2 жылда қайта жөндеуден өткізеді», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Қалада көлік саласын реформалау аясында 2018 жылы автобус паркінің үштен бірі жаңартылды. Мәселен, «Алматыэлектротранс» мекемесіне 199 автобус сатып алу үшін қаржы бөлінген. Ал 200 қоғамдық көлікті «Green Bus Company» компаниясы жаңартса, басқа да жеке тасымалдаушылар шамамен 131 автобус алады. Жалпы, соңғы екі жыл ішінде қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобус жолға шыққан. Рейстердің жиілігі 90% дейін артты, ал интервал 3 есеге қысқарды. Сондай-ақ биыл қаланы көріктендіру мен аулаларды жаңартуға қаражат бөлінді.

«Егер өткен жылы 455 аула жөнделсе, 2018 жылы қаланың барлық аудандарында тағы да 585 аула жаңарады. Бұл барлық аулалардағы 15 пайызды құрайды. Биыл жалпы 30 пайызы заманауи, барлық жағдаймен жасалады», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ 2018 жылы Медеу, Бостандық, Түрксіб және Жетісу аудандарындағы саябақтар ретке келтірілмек. «Yлкен және Кiшi Қарасу» өзендерінің жағалауларын, жер асты өткелі жолдарын қайта жасау үшін қаржы бөлінді. Ал биыл тұрғын үй кешенін модернизациялау аясында 130 үй кешен жөндеуден өткізілмек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір