• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:40:01
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 NEWS

Алматы телеарнасының ұжымы Елбасыдан алғысхат алды

Соңғы 2,5 жылда арнаның күнделікті көрермендер саны екі есеге дейін өсіп отыр.

БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Алматы» телеарнасының ұжымы отандық журналистика саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз қызметі БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысынан жыл сайынғы сыйақы мен гранттар және Алғыс хат алу үшін ұсыныстар қабылдаудың басталғанын хабарлаған болатын.

Айта кету керек, редакция ұжымы күн сайын Алматы мен Астананың және ел өңірлерінің маңызды жаңалықтарын тікелей эфир арқылы көрермендеріне дер кезінде көрсетіп келеді. «Алматы» телеарнасы қала мен елдің өмірі туралы тек тексерілген және объективті деректерге сүйене отырып, экономикалық, саяси, мәдени және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтереді.

Алматы арнасының ұжымы

Соңғы 2,5 жылда арнаның күнделікті көрермендер саны екі есеге дейін өсіп отыр. Осылайша, бұған дейін қалалық телеарна мәртбесінде болған «Алматы-TV» бүгінде республикалық деңгейге шығып, өзге де ірі телеарналармен бірге бәсекелестік ортаға түскен.

Сонымен қатар, соңғы 2 жылда телеарна қаржылық көрсеткіштерін де жақсартып келеді. Ал, тікелей эфир бірнеше сағаттық бағдарламалар көрсете алатын деңгейге жетіп отыр. Бұдан өзге телеарнаның өз өнімдері – фильмдер мен телесериалдар түсіріліп, қалың көрерменге жол тартты.

Алматы арнасының ұжымы

"Біздің еңбекті жоғары бағалағаны үшін алғыс айтқым келеді. Біз бәсекеге қабілеттілікті және контенттің сапасын арттыру үшін одан әрі де жұмысымызды жалғастыра береміз", - деді «Алматы» телеарнасының бас директоры Әлібек Үсенұлы.

 

АНЫҚТАМА:

«Алматы» телеарнасы – «Оңтүстік Астана» ТРК» АҚ-нің эфирлік бренді. 1999 жылы қалалық телевизия базасында құрылған. 2010 жылы аймақтық арнадан республикалық телеарна болып өзгеріп, 2016 жылдың ақпан айында өңірлерді тұтас қамтитын ұлттық цифрлық хабар таратушылардың тізіміне енген. Эфирден берілетін бағдарламалардың 55% мемлекеттік тілде көрсетіледі. Телеарнаның Астана қаласында тілшілер қосыны бар. Сонымен қатар, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы серіктестерімен тығыз байланыс орнатқан.

«Алматы» телеарнасы мобильді, технологиялық және инновациялық телекомпания болуды, сондай-ақ, ең үздік іскерлік жаңалықтарды, терең талдау мен сараптауды, сапалы мәдени және ойын-сауықтық бағдарламаларды көрермендеріне дер кезінде жеткізуді көздейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір