• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:53:15
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Алматы қаласының кезекті қоғамдық кеңесі өтті

Алдағы уақытта  мамандар дефибрилляторды Алматының барлық мектептеріне сатып алу қажет деген ұсыныстарын қалалық әкімдікке жеткізбек.

Бүгін Тұран Университетінде Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде мектептегі қауіпсіздік  мәселесі қозғалып, оқушылар мен студенті ажалдан арашалап қалатын құрылғыны таныстырды.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мемлекеттік жеке әріптестік және тұрғын үй коммуналдық қызмет, инновация, инвестиция, бойынша комиссияның төреғасы, модератор Асылбеков Асхат Зейноллаұлы Қоғамдық кеңесті ашып берді. 

"Ақ жүрек" Қоғамдық қорының төрағасы Масхутов Руслан Баянұлы Қоғамдық кеңесте бірінші көмекті қалай көрсету керектігі туралы айтып, қазіргі кезде керек дефибриллятор құрылғысы туралы түсіндірді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, апта сайын 1 млн адамға шаққанда орта есеппен 30 адамның жүрегі аяқасты тоқтап қалады. Егер Қазақстанда 17 млн тұрғын бар деп есептесек, онда апта сайын елімізде 500 адамның жүрегі күтпеген жерден тоқтап, қайғылы жағдайға ұшырап жатады. Ал жыл сайын, елімізде 26 мың адам жүрек талмасы бойынша медициналық көмекке мұқтаж. Осы 26 мың оқиғаның 80 пайызында адамдар медициналық ғимараттан тыс жерде, яғни жұмыста, спортпен шұғылданып жатқанында, үйде немесе кез келген жерде қайғылы жағдайға душар болады. Бұл медициналық емес, әлеуметтік проблемаға айналды», - деген Руслан Масхутов Қазақстанда мектеп оқушыларының да жүрек талмасына шалдығып жататынын айтты.

«Былтырғы оқу жылында Астана қаласындағы 84 мектеп бойынша 2 оқиға тіркелді. 1 оқушы дене шынықтыруда қаза тапса, екінші оқушының кеуде тұсынан ұрғандықтан мерт болды. Қазақстанда нақты статистиканы келтіру мүмкін емес. Себебі, бұл мәселе БАҚ арқылы жиі айтылмайды. Шамамен, 10-15 оқушы Қазақстан бойынша жүрек талмасына ұшырап жатады. Нақты статистика келтіре алмайтын тағы себеп, жедел жәрдем келген уақытта науқас дүниеден өтіп кетеді. Аяқ асты жүрегі тоқтаған адамға алғашқы екі минутта көмек көрсетілмесе, ол қайтыс болады. Сондықтан, бұл статистика бізде нақты емес», - деді Руслан Баянұлы.

Руслан Масхутовтың айтуынша, осындай себептердің алдын алу үшін барлық мектептерге жүрек тоқтаған кезде көмек көрсететін құрылғы - дефибриллятор алу қажет. 

жүрек

«Кез келген жерде адам есінен танып, құлап жүрегі тоқтап қалса, оған әрі кетсе 5 минут, ал негізі 2 минуттың ішінде көмек көрсетілсе, тірі қалауы мүмкіндігі бар.  Осы жағдайда америкалық өнім - дефибриллятор құрылғысы көмек көрсетеді. Бұған дейін елімізде бұл заманауи технологияны Алматы мен Астананың ең үздік емханалары қолданып келген» - деді Масхутов Руслан Баянұлы.

Алдағы уақытта  мамандар дефибрилляторды Алматының барлық мектептеріне сатып алу қажет деген ұсыныстарын қалалық әкімдікке жеткізбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір