• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:42:03
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматы қаласындағы электр энергиясының тарифтері екі есеге азайған

Алматы қаласындағы электр энергиясының тарифтері екі есеге азайған

Алматы қаласындағы электр энергиясының тарифтері екі есеге азайған.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Қуанышбекұлы айтты. 

Оның сөзіне сүйенсек, Алматы қаласында 2018 жылдың 1 наурызынан бастап тәулік зоналарына дифференцирленген тарифтердің күшін жойғаны барлығына мәлім. 

Негізгі себептердің бірі тұтынушылардың басым бөлігі іс жүзінде тарифі ең төменгі (8,38 тг.) түңгі тұтынуға көшуге мүмкіндігі жоқ (бизнестің басым бөлігі, өнідіріс кәсіпорындары, қызмет көрсету саласы, тұрмыс қызметтері, дүкендер, асханалар, кинотеатрлар, метрополитен, білім және медицина ұйымдары, бюджет ұйымдары, көп қабатты үйлер және т.б.) 

Осыған байланысты, тұтынушыларға ең жоғарғы дифференцирленген тарифтердің кешкі уақыттағы тарифімен 28,65 тг. жұмыс істеуге тура келді. 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2017 жылы ҚР Энергетика министрлігімен «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  тәулік зоналары бойынша дифференцирленген тарифтердің күші туралы сәйкес заңнамаға өзгерістер енгізілді,-деді ол. 

Біздің талдауымыз көрсеткендей, тәулік зоналары бойынша дифференцирленген тарифтерді алып тастау әсерінен электр энергиясының тарифтерінің деңгейі екі есеге азаюының (орташа тариф 16,36тг) нәтижесінде, кәсіпкерлердің басым бөлігіне оңтайлы әсерін тигізеді. 

Өз кезегінде, тәулік зоналары бойынша дифференцирленген тарифтерді алып тастау халықтың басым бөлігіне әсерін тигізбеді. Себебі, жеке тұлғаларға тұтыну көлемі бойынша дифференцирленген тарифтер өзгеріссіз қалды, - деп баяндады департамент басшысы Болат Сәмбетов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір