• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:19:55
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2017

Алматы қаласында «Алатау алабында» атты дәстүрлі өнер кеші өтеді

2017 жылдың 14 қыркүйегінде, сағат 18.00-де Қала күні мерекесіне және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының» құрылғанына бір жыл толуына орай «Алатау алабында» ...

2017 жылдың 14 қыркүйегінде, сағат 18.00-де Қала күні мерекесіне және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының» құрылғанына бір жыл толуына орай «Алатау алабында» атты дәстүрлі өнер кеші өтеді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ізгі бастамасымен, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің қолдауымен құрылған театр – сан ғасырлар бойы аттың белі, атанның қомында жүріп Егемендікті аңсаған асыл бабаларымыздың, байырғы өнер иелерінің арман-аңсарын арқалаған еліміздегі алғашқы өнер ордасы. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық аймақтарына тән дәстүрлі өнер түрлерін бір арнаға тоғыстырып, заманауи үрдістерге сай дамыта насихаттайтын, ұлттық өнердің болашағын зерделеуге бағытталған әзірге жалғыз мәдениет ошағы.

Аталған мерекелік іс-шараға қазақ дәстүрлі өнерінің хас шеберлері: Сәуле Жанпейісова, Жәкен Омаров, Еркін Шүкіманов, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Үлкенбаева, Ұлжан Байбосынова, Батыржан Мықтыбаев, Айгүл Қосанова, Саян Ақмолда, Ербол Айтбаев, Жанғали Жүзбаев, Эльмира Жаңабергенова,  Қайрат Кәкімов, Талғат Мұқышев,  Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Гүлмира Сарина, Нұркен Әшіров, Клара Төленбаева сынды сахна майталмандары қатысады.

Қала күні мерекесі аясында өтіп жатқан театрдың мерекелік кешіне  дәстүрлі өнер иелерінің қатысуы, еліміздің әр түкпірінен келіп Алматы Алабында жиналуы – ұлттық өнерге деген құрмет, сол өнердің насихаты үшін арнайы театр ашылуына ықпал еткен Елбасына көрсетілген ілтипат деп білеміз.

Сондай-ақ, сағат 11.00-де Қазақстанның әр аймағынан жиналған өнерпаздар мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры» арасында ынтымақтастық келісім – Меморандум өткізіледі.

Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры

Байланыс тел.: 8707-838-36-34, 8707-313-91-63

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір