• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:39:26
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматы қаласында 32 тауар түрі нақты салмаққа сәйкес келмеген

Алматы қаласында 32 тауар түрі нақты салмаққа сәйкес келмеген

 

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Әріпұлының қатысуымен брифинг өтті.

Өзінің құзыреті шегінде, 2017 жылы департамент электр және жылу энергиясын, денсаулық сақтау, байланыс қызметтері, жанармай құю станцияларын, сәйкестікті бағалау және салыстырып-тексеру зертханалары кәсіпорындарының қызметін тексерді.

Сонымен, жылдың қорытындысы бойынша 128 тексеру жүргізілді (олардың ішіндегі 53-і кестестеге сәйкес іріктеліп тексеру, 75-і жоспардан тыс шағымдар бойынша тексерулер), Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу бойынша 71 факт орын алды, бұл  тексерудің жалпы 55% құрады,-деп атап өтті ол.

Департамент Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың шеңберінде буып-түю өнімдерінің 109 үлгілерін жалпы сомасы 315 725,74 теңгеге сатып алып, оның ішіде 32 тауар түрі нақты салмаққа сәйкес келмегендігін анықтады.

Тексерудің қорытындылары бойынша айналымнан 3381 бірлік өлшеу құралдарын қолдануға жарамсыз және массаға сәйкес келмейтін 32 партия өнімдерін сатуға тыйым салу туралы, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

Мемлекетік бақылаудың қорытындысы бойынша заң бұзушыларға жалпы сомасы 11 млн. 617 мың. 280 теңге әкімшілік айыппұл салынды, - деп сөзін қорытындылады Сауықбек Әріпұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір