• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:02:05
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматы қалалық туризм және сыртқы байланыс басқарма басшысы есеп берді

Алматының туристік әлеуетінің арқасында қала бюджетіне қанша қаржы түсіп отыр? Бұл сұраққа қаладағы қоғамдық кеңес отырысында жауап берілді

Алматының туристік әлеуетінің арқасында қала бюджетіне қанша қаржы түсіп отыр? Бұл сұраққа қаладағы қоғамдық кеңес отырысында жауап берілді.

Кеңес мүшелері алдында қалалық Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай есеп берді.

«Туризм саласы қаланың Жалпы аймақтық өніміне 1,5% ғана үлес қосып отыр. Еліміздің ЖІӨ-де туризм саласы 1%-ды алып отыр. Ал әлемдік тәжірибеде туризм ЖІӨ-нің 10 пайызын әкеледі. Былтыр әлемде 1,2 млрд адам саяхаттаған. Бұл сандарға қарасақ, бізге әлі де көп жұмыс жасау керектігі көрініп тұр. Ұйымдасқан туризм үлесі - 20%. 2016 жылы Қазақстанға 6 млн шетелдік келген. Алматыда 400 000 шетел азаматы болса, олардың 56 мыңы ғана турист ретінде саяхаттап келген», - деді ол.

Оның айтуынша, Алматы қаласында Ресей, Иран, Қытай, Үндістан елдерінен турист тартуды қолға алмақ.

«Біз жүргізген сараптамаға сәйкес сауалнама алынған 20 мың адам Алматы қаласын жеке туристік орын деп емес, Орталық Азияны түгел қарастыратыны байқалды. Әлемдік туристік ұйымымен біріге отырып Жібек жолы» бағдарламасын жасап жатырмыз. Туристік маршрут Алматыдан басталып, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің қалаларын аралап, Алматыға қайта оралады. Басты мақсат - қызмет сапасын жақсарту», - деді Ерлан Жайлаубай.

Басқарма басшысы Алматының туристік ерекшелігін де атап өтті.

«Алматы - таза Азия немесе Еуропа қаласы емес. Ол космополиттік аймақтық симбиозы, ЮНЕСКО мұралары бар, Ұлы Жібек жолында орналасқан ерекше қала. Мұнда 30 жуық елдің ас мәзірі ұсынылады. Мұнда тау туризмі мен медициналық туризмді дамытуға бар күшімізді саламыз», - деді Е.Жайлаубай.

Айта кету керек, бұрынырақ Алматыны шетелге танытуға қанша қаржы бөлінгенін хабарлаған болатынбыз.

Алматының туристік әлеуеті туралы өткен қоғамдық кеңесте отырысында экскурсиялық автобус бағдарларының дамуы туралы мәселе көтерілді.

Қалалық Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубайдың айтуынша, экскурсиялық автобустарға арнайы тұрақ бөлуге және автобус жолағымен жүруге рұқсат беру туралы ауызша келісім жасалған.

«Қазір мамандармен біріге отырып тұрақ орындарын белгіледік. Әкімшілік полициямен ауызша келісім бар. Меморандумға қол қоюға әзірлік бар. Сонымен қатар, экскурсиялық автобустарға арнайы автобус жолағымен жүруге рұқсат беретін жол қозғалысы ережелеріне өзгеріс енгіземіз. Келер туристік маусымның басында жұмяс аяқталады», - деді Ерлан Жайлаубай.

«СпецТехПаркинг» компаниясымен жүргізіліп жатқан келісім барысында экскурсиялық автобустарға кем дегенде бір орын қалдыру мүмкіндігін қарастырылуда.

Оның айтуынша, қазір қалада жаңа туристік автобус бағдарлары жасалып жатыр.

«Электробустарға сұраныс көп. Алматыда екі бағытта туристік электробус жүріп тұр. Көліктер Smart-туризм компаниясының аудиогидтерімен жабдықталған. 1 500 теңгеге кез-келген адам Алматыны аралай алады»,- деді Ерлан Жайлаубай.

Айта кету керек, туристік бағыттағы қос электроавтобус 13 қазанда жолға шыққан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір