• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:46:07
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 NEWS

Алматы қалалық ІІД жол апаты куәгерлерін іздеп жатыр

Аталмыш жағдайдың куәсі болғандар дереу +7 701 888 4882, 254-40-09, 254-40-42 және 102 нөмерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті 16 шілде күні сағат 09.10-да шығыс айналым жолдағы жол апатын көрген куәгерлерді іздеп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты нәтижесінде 5 жасар бала ауыр жарақат алып жан сақтау бөлімінде жатыр. Қаққан адам баланы ағаштың түбіне тастап кеткен.

«Алматы қалалық ішкі істер департаменті 16 шілде 2018 жылы Алматы қаласында болған жол апаты куәгерлерін іздейді. Жол апаты нәтижесінде 2014 жылғы бала ауыр жарақат алды. Аталмыш жағдайдың куәсі болғандар дереу +7 701 888 4882, 254-40-09, 254-40-42 және 102 нөмерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз» делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, Дінмұхаммедтің жағдайы ауыр. Кеше үшінші деңгейлі комада болса, қазір екінші деңгейлі комада. Баланың бас сүйегінің жарты бөлігі ішке қарай кіріп кеткен.

Бұған дейін депутат Қайрат Құдайберген 5 жасар Дінмұхаммедтің жағдайын білу үшін ауруханаға барғанын жазған. Оның айтуынша, Дінмұхаммедтің миы ісе бастаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір