• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:40:15
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 NEWS

Алматы облысының шаруалары Қытай мен Иранға ет экспорттайды

Алдағы уақытта мал бордақылау алаңы мен ет комбинаты салынады.

Алматы облысының шаруалары биылдан бастап көршілес Қытай Халық Республикасы мен Иранға ет экспорттай бастайды деп хабарлайды.

Алакөл ауданындағы мал шаруашылықтарының бірі етті бағыттағы Абердин Ангус пен Герефорд тұқымды сиырларды өсірумен айналысады. Ондағы ірі қара саны 15 мың басқа жетті. Алдағы уақытта мал бордақылау алаңы мен ет комбинаты салынады. Мұндай өндірістік цикл өз кезегінде шетелдерге тұрақты түрде ет экспорттауға мүмкіндік береді. Жоңғар Алатауының баурайында орналасқан бұл шаруашылыққа бес жыл бұрын Австралиядан 5 мың бас зеңгі баба төлі әкелінген еді. Абердин-Ангус пен Герефорд тұқымды сиырлардың саны бүгінде 15 мыңға жеткен. Бұзаулары ыстық пен суыққа шыдамды келеді. «Біз малды қамамаймыз, ашық алаңда тұрады. 50 мың гектар жайылымдық жерге күн көзінен қуат алатын қоршаулар орнатылған. Электрленген қоршау малшының жұмысын атқарады әрі сиырларды түрлі аурулардан қорғайды», – дейді кәсіпорын басшылары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір