• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:11:16
+35°

08 Наурыз, 2018 Аймақтар

 

Алматы облысы әкімінің Халықаралық әйелдер күніне орай Салтанат сарайында өткізілген салтанатты қабылдауына облыстың аудан, қалаларында әр салада жемісті еңбек етіп жүрген, өңір дамуына үлес қосқан 200 әйел шақырылды. Облыс басшысы Амандық Баталов жетісулық әйелдерді, атап айтқанда соғыс және еңбек ардагерлерін, көп балалы аналарды, қоғам қайраткерлерін және түрлі сала мамандарын көктемгі мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы облысы

Кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде облыс әкімі А. Баталов:

- Құрметті аналар, аяулы арулар! Ерекше мереке 8 Наурыз қарсаңында өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Табиғат Әйел-Анаға сұлулық пен ақылды, мейірім мен төзімділікті молынан берген. Осындай ізгі қасиеттеріңіздің арқасында әрқайсыларыңыз ошақтың отын маздатып, отбасының берекесін арттырып, бақытын еселеп отырсыздар.  Шаңырақ жауапкершілігімен қоса, қоғамда да өз үні, өз орны бар мықты маман, іскер азамат ретінде еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келесіздер. Сіздерге осы орасан еңбектеріңіз бен ерік-жігерлеріңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Отбасыларыңызда әрқашан қуаныш, бақыт, ырыс пен ынтымақ орнап, барлық арман-мақсаттарыңыз орындалсын! – деді.

Мұнан кейін салтанатты жиын марапаттаумен жалғасты. Облыс басшысы көпбалалы аналарды Алтын алқамен, Күміс алқамен наградтап, бірқатар әйел азаматшаларға медицинадағы, білім берудегі, спорттағы, бизнестегі, журналистикадағы және басқа да маңызды салалардағы жемісті еңбегі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, алғыс хатымен марапаттады.

Алматы облысы

Өз кезегінде әйелдер көрсетілген қошамет үшін ризашылығын білдірді. Олардың қатарында І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың проректоры Ләззат Еркінбаева, «Шығыс кен басқармасы» ЖШС-ның директоры Зелина Катранова, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің бастығы Жанар Амержанова, неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі, Талғар аудандық мәслихатының депутаты Светлана Алмабекова, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның әншісі Әсем Сембина да бар. Олар өз сөзінде облыстың дамуын, соның ішінде Талдықорғанның сәулеттік кейпінің ерекшелене бастағанын тілге тиек етті.

Алматы облысы

Кездесу соңында музыкалық сыйлық ретінде ән шырқалды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір