• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:07:25
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2018 NEWS

Алматы облысында зиратқа келгендер адам шошырлық көрініске куә болған

Алматы облысында аты-жөні белгісіз жандар көмілетін бейітте марқұмдар дұрыс жерленбей, табыттар сыртқа шығып қалған.

Алматы облысында аты-жөні белгісіз жандар көмілетін бейітте марқұмдар дұрыс жерленбей, табыттар сыртқа шығып қалған. Мұндай сорақылыққа налыған зиярат етушілер табыт ішіндегі мəйітті қаңғыған ит тартқылап, күн ысығанда түрлі ауру тарауы мүмкін деп қауіптенеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының дерегін негізге ала отырып.

Ал, марқұмдарды жерлеу рəсімі тендер арқылы жүргізілетінін айтқан əкімдіктегілер, жылына 2 милллион теңге бөлінетін жұмыстан кеткен олқылықты енді өздері атқаруға мəжбүр екен.

Қорымдағы көріністен денең түршігіп, аза бойың қаза болады. Оңды-солды көмілген табыттардың шеті көрініп, ашық-шашық жатыр. Қарайған қоршауы да жоқ. Өкініштісі, бейіттегі  бейберекетсіздікті құзырлы орындар емес, əуелі зиярат етушілер байқаған. 

"Мемлекеттік бюджеттен қанша ақша бөлінсе де, адам секілді жерлей алмаған. Маңайда жұрт бар, балалар ойнап жүр. Қаңғыған кез келген қазып алуы да ғажам емес. Табыт топырақтан ашық жатыр, қалған жері 10-15 сантиметр тереңдікте көмілген", — дейді Евгений Дягилев.

"Шындығында моральдық тұрғыдан алсақ, адамгершіліктен жұрдай жандардың әрекеті дер едім. Қайткенде де зиратқа қарайтын жауапты мекеме болуы керек қой. Бірақ, біз жан-жаққа хабарласып, ешкімді таппадық", — деп кейіді  Анжелика  Ахмедова.

Междуреченск ауылдық округіндегі арнайы жерлеу орны  5 жыл бұрын ашылған. Тағдырдың жазуымен осы зираттан топырақ бұйырғандар, алдын-ала қазылған шұңқырға жерленеді. Ал, бейіт басына жиналғандар,  әруақты қорлағандар жазасын алуы тиіс деп есептейді. Бірақ, жергілікті әкімдіктегілер, бар кінәні табиғаттың тосын мінезіне артып қойды.   

"Өздеріңіз білесіздер, қазір көктем мезгілі. Қар жауады, жаңбыр жауады, жер отырады. Өзіміздің әкімдік тарапынан мамандар келіп, қарап тұрады. Істеген жұмысына қарай ақшасын беріп тұрамыз", — деп түсіндірді Междуреченск ауылдық округінің əкімі Серік Əбдібеков. 

Талап бойынша тендерден жеңімпаз атанған жеке компания марқұмдарды жерлеу рəсімін іске асырып келіпті. Оған жылына бақандай 2 миллион теңге бөлініп отырған. 

Қорымға тек Іле ауданындағы мəйітханалардан жеткізілетін аты-жөні белгісіз жандар жерленеді. Жылына орта есеппен 30-ға жуық адам жер қойнына тапсырылады. Бірақ, маңайдағы тұрғындар табыты көрініп, ашық-шашық қорымнан күн ысығанда түрлі ауру тарай ма деп қорқады. Ал, тендерден ұтып, іс бітті, қу кеттінің керін келтірген компанияға шара қолдана алмаймыз деген əкімдіктегілер, енді марқұмдарды қайта көму жұмысын өз мойындарына алатынын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір