• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 16:48:27
Алматы
+35°

04 Желтоқсан, 2017 NEWS

Алматы облысы Ұзынағаш селосының маңында жолаушылар автобусы аударылып, соның салдарынан екі адам қайтыс болған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Жол апаты таңғы сағат 8:00-де Алматы-Бішкек жолының 62-шақырымында болды. Түскен ақпаратқа сәйкес, екі адам қаза тапқан. Ал Ұзынағаш селосының ауруханасына түрлі жарақаттармен 10 адам жеткізілді, арасында кәмелет жасқа толмаған бала да бар. Оқиға орнында полицей қызметкерлері жұмыс істеуде», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, автобус салонында 43 адам болған. Автобус Шымкенттен Алматыға қарай шыққан. 41 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, соның салдарынан автобус аударылған.

Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір