• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:15:19
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 NEWS

Алматы облысында кісі өлімі орын алды

Іле ауданында 24 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Алматы облысының полиция өкілдері жергілікті тұрғынды қылмысқа қатысты күдікті ретінде қамауға алды деп хабарлайды Zakon.kz .

18 қарашада Іле ауданының АІІБ-ға Өтеген батыр ауылының көшелерінің бірінде белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.  Мәйіт денесінде зорлық белгілері болған.  Оқиға орнына келіп жеткен полиция марқұмның 24 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтаған.

Іле ауданының полиция өкілдері қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстаған.

«Күдікті қаза тапқан ер адаммен бұрыннан таныс болғаны анықталған. Ішімдік ішкен екеуі сөз таластырып, араларында жанжал орнаған. Нәтижесінде жанжал төбелеске ұласып, кісі өлімі орын алған»-деп жазады Алматы облысының ІІБ баспасөз-хатшылығы.

Тергеу кезінде қылмыскердің соққыны тұрмыстық пышақпен жасағандығы анықталған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты зерттеу жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір