• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:20:02
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 NEWS

Алматы облысында картоп өсіру өндірістік деңгейде қолға алынады

Картоп өсіруге маманданған Райымбек ауданында осы жылы облыс басшылығының қолдауымен картоп өсіруге ерекше ден қойылмақ.

Алматы облысы биылғы жылы картоп өсіруді өндірістік деңгейде дамытуды бастағалы отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Картоп өсіруге маманданған Райымбек ауданында осы жылы облыс басшылығының қолдауымен картоп өсіруге ерекше ден қойылып, арнайы ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынатын 2 сервистік-дайындау орталықтары құрылатын болады. Бұл орайда ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге де қолдау көрсетілмек. Бұл ауданда сыйымдылығы 16 мың тонналық көкөніс сақтау қоймалары бұрыннан бар. Картоп өсірудің қыр-сырын жақсы білетін Кербұлақ ауданының шаруашылықтары да бұл іске атсалысатын болады.

картоп

Атап өтсек, Іле ауданындағы индустриалды аймақта «Фарм Фритс» Трансұлттық компаниясын тарта отырып, картоп өңдеу жүзеге асырылмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір