• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:28:52
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2018 Аймақтар

Алматы облысында іскер әйелдер саны артуда

Кәсіпкерлік нысандарының 40% астамы бизнесханымдар басқарады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Өңірлік коммуникациялар орталығында Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесі (ІӘК) мүшелерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаеваның айтуынша, өңірдегі іскер әйелдердің белсенділігі бизнесте ғана емес, қоғамдық-саяси өмірде де артып келеді.

«Алматы облысында 1 млн-нан астам әйел тұрады. Ресми мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда тіркелген 110 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінің 42%-ін әйел азаматтар басқарады. Бұл дегеніміз 50 мыңнан астам бизнес-жоба іске асырылып келеді деген сөз. Нәзік жандылар өнеркәсіп, ауыл шарушалығы, банк секторында да, қызмет көрсету саласында да табысты қызмет атқарып келеді», - дейді Алмагүл Оңғарбаева.

Спикер аймақтағы әйелдердің іскерлік ортадағы белсенділігін арттыру, экономикалық бастамаларын қолдау мақсатында Кәсіпкерлер палатасының жанынан Іскер әйелдер кеңесінің құрылғанын атап өтті. Кеңестің барлық аудан мен қалаларда филиалдары бар. Бүгінгі таңда ұйым 200-ден астам кәсіпкер, мемлекеттік, қоғамдық, қаржылық ұйымдардың әйел басшыларын біріктіріп отыр. Өткен жылы жұмыс істеп отырған, жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған әйел кәсіпкерлерге оқыту семинарлары жүргізілген.

2017 жылы 2,3 мыңнан астам әйелге сервистік қызмет, 5,6 мың әйелге ақпараттық қызмет көрсетілді. Іскер әйелдер тарапынан жалпы сомасы 2,4 млрд.теңгеден астам  123 стартап жоба жүзеге асырылды.

«Биыл Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 700 әйелге тегін сервистік қызмет берілген, 1,4 мыңнан астам әйелге кеңестер жүргізілген. Жыл басынан бері 56 әйел «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізіне оқып шықты», - деп атап өтті Алмагүл Оңғарбаева.

Сонымен бірге ол ауылды жердегі әйелдердің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс үдерісі күшейтілетінін айтты. 

Іскер әйелдер кеңесінің Кербұлақ аудандық филиалының жетекшісі, «Амреева» ЖК басшысы Күлсара Әміреева өткен жылдың қыркүйегінде «Атамекен» ҰКП бастау алған «Атамекенім» республикалық акциясы аясында әлеуметтік жобалар іске асырып келетінін айтты.

ІӘК Кербұлақ аудандық филиалының жетекшісі, «Амреева» ЖК басшысы Күлсара Әміреева өткен жылдың қыркүйегінде «Атамекен» ҰКП бастау алған «Атамекенім» республикалық акциясы аясында әлеуметтік жобалар іске асырып келетінін айтты.

«Облысымыздың алты қаласы мен ауылында «Бәрі де рахмет үшін!» атты әлеуметтік дүкендері жұмыс істеуде. Онда мұқтаж азаматтарға киімдер мен заттар тегін беріледі. Жобаның арқасында адамдар қоғамның басқа бір өкіліне мейірімділік танытуда. Сонымен бірге, Кербұлақ ауданында «Шын жүректен» атты автокеруен ұйымдастырып, бінеше апта бойы әкімдік, мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйымдармен бірлесе 15 ауылдық округті аралап шықтық. Ауылда тұрып жатқан 400-ден астам аз қамтылған, м.гедек және қарт азаматтарға қайырымдылық көрсетілді», - деді Күлсара Әміреева.

Кәсіпкер аудандағы 3584 бизнес субъектісінің 1293-ін нәзік жандылардың басқаратынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, биыл ІӘК бастамасымен «Текелі Асар» және «Талғар Асар» атты қайырымдылық жобалары басталды. Жоба аясында қалалардың сауда нүктелерінде арнайы сөрелер ашылған. Онда кез келген адам мұқтаж азамат үшін азық-түлік пен шаруашылық заттарын сатып алып, қалдыра алады. Аталмыш жоба облыстың өзге қалалары мен аудандарында іске қосылады деп жоспарлануда.

«Ашура» жекеменшік балабақшасының директоры Гүлмира Хашимованың сөзінше, әйелдер мемлекеттік қолдау құралдарын және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынатын мүмкіндіктерін белсенді қолдануы керек.

«Менің бизнесте жүргенімен көп уақыт болды. Мен сондай-ақ, Талдықорған қаласы мен облыстың қоғамдық өміріне қатысып жүрмін. Біз дөңглек үстелдерді жиі өткізіп, онда ағымдағы проблемаларды талқылаймыз. Мүмкіндігінше оларды шешуге тырысамыз, кәсіби біліктілігімізді көтеретін түрлі семинарларға қатысамыз. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жастар корпусын дамыту жобасы бойынша курсқа қатысып, ментор-тренер атандым. Бенефициарлар үшін тренингтер өткіздім. Кеңес іскерлік байланысты нығайтуға да қолдау көрсетеді. Мысалы, жақында Қазақстан және Түркияның іскер әйелдер форумына барып қайттық. Халықаралық форум оқыту, тәжірибе алмасу, инвестиция тарту мен іздеу үшін тиімді диалог алаңы болды. Бұл іссапар барлық әйелдер үшін өте нәтижелі өтті деп санаймын», - деді Гүлмира Хашимова.

Жалпы, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері аудан мен қалалардағы Кәсіпкерлер кеңесі, кеңесші-сабағаттық органдар құрамына кіріп, әкімдіктің әйел кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саладағы сұрақтар бойынша серіктесіне айналды.

Баспасөз мәслихатының соңында іскер әйелдер Алматы облысының барша қыз-келіншектер қауымын келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Айта ктесек, Алматы облысының іскер әйелдер делегациясы 15-16 ақпанда Анкарада өткен Қазақстан мен Түркияның іскер әйелдер бизнес-форумына қатысқан болатын. Алматы облысының іскер әйелдер делегациясын Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрайымы, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Римма Салықова бастап барған. 

Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 40%-ын іскер әйелдер қалыптастыратынын, олардың отандық бизнестің дамуына қосатын үлесі үнемі өсіп отырғанын айтып өткен еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір