• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:34:45
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 NEWS

Алматы облысында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті

Бүгін Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шоңжы ауылындағы 5 мектепте ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті

Бүгін Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы 5 мектепте ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесудің мақсаты - Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерліктерін еске алу. Кездесу кеші ауған соғысында қаза тапқан ұғландарды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Алматы облысы

Аталған кеште Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шоңжы ауылының мектеп директоры Исмаилов М.М., ауған-ардагерлері Аликбаев С.Д., Тайчибеков Ж.Т., Шоңжы ауылы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы майор Гаппаров С.С. Және мектеп оқушылары қатысты. Ұйғыр ауданынан ауған соғысына 30 жауынгер кетіп, 29-ы соғыстан аман-есен оралды. Бір жауынгер xабар-ошарсыз оралмаған. Алматы облысы Ұйғыр ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 23 жауынгер-интернационалист әскери есепте тұр. Кеш барысында ардагерлер оқушыларға патриоттық сезімнің әрқашан болуын, елімізде ешқашан соғыс болмауын, жастардың Отанды қорғау парызы екендігін есте шығармауын тілге тиек етті. Ауған соғысы кезіндегі ұғландардың ерліктерін еске алды. Кеш соңы өнерпаз оқушылардың концертімен аяқталды.

Новикова Кристина

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір