• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:51:13
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 NEWS

Алматы облысында әскер қатарына аттандыру науқаны жалғасуда

Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны барысында Алматы облысынан 1991-2000 жылы туылған 1800-ден астам азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған

Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны барысында Алматы облысынан 1991-2000 жылы туылған 1800-ден астам азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Бүгінгі күні 1500-ге жуық шақырылушы әскер қатарына алынып, өз борыштарын өтеуге кірісіп те кетті.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен кезекті 50 ұлан Отан алдындағы борышын өтеу үшін Қарағанды қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық Ұланға қарасты 5451 әскери бөліміне салтанатты түрде аттандырылды. Салтанатты шараға Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Қарулы Күштерінің ардагерлері, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның өкілдері, сондай-ақ әскерге қабылданушылардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысып, ақ тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.

Алматы облысы

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі депаратменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Талғат Дәулетханов әскерге аттанушы ұландарға құрмет көрсету мақсатында «Шақырылушылар күні» атты әскери-патриоттық акциясын дәстүрлі түрде өткізілетінін жеткізді.

- Алматы облысынан әскер қатарына алынған жастар бүгінде Қарулы Күштердің әр саласында әскери борыштарын абыроймен өтеп келеді. Әскери бөлім командирлері Жетісу жастарының жігері мен қайраттылығына, дене даярлығына, әскери техниканы меңгерудегі зеректігіне таңданыс білдіріп жатады. Отан алдындағы борышты адал атқарып, елге абыроймен аман-есен оралуларына тілектеспін, - деп атап өтті полковник Талғат Дәулетханов.

Алматы облысы

Үстіміздегі жылдың наурыз айынан басталған көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны маусым айының соңына дейін жалғасады. Алматы облысынан шақырылған жастар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Қарулы Күштерінің, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның әскери бөлімдеріне әскери борыштарын өтеуге аттандырылуда.

Жергілікті әскери басқару органдарының, денсаулық сақтау және құрылымдық күштердің өкілдерінен құралған шақыру және медициналық комиссиясы әскерге қабылданушыларды түбегейлі тексеруден өткізеді. Комиссия мүшелері әр үміткерді дара қарастырып, алған білімін, мамандығын, отбасы жағдайын, қызығушылықтарын, спорттағы жетістіктерін назарға ала отырып, денсаулық жағдайына қарай мерзімді әскер қатарына қабылдау туралы шешім шығарады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір