• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:02:28
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматы метросындағы «Достық»,«Сарыарқа» бекеттерінің құрылысы жалғасады

Бұл туралы Алматы қаласының мәслихаты бекіткен 2018 жылғы бюджетінде айтылған

Алматы метросындағы «Достық»,«Сарыарқа» бекеттерінің құрылысы одан әрі жалғасады. Бұл туралы Алматы қаласының мәслихаты бекіткен 2018 жылғы бюджетінде айтылған.

Алматыда VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың XXV-ші сессиясы барысында қаланың 2018 жылғы бюджеті бекітілді. Келер жылғы бюджетте Алматы метросының «Достық»,«Сарыарқа» бекеттерінің құрылысын одан әрі жалғастыру қарастырылған.

«Жаңа бекеттер іске қосылғанда жолаушы легі 1,5 есеге артып, жылына 18 млн жолаушы тасымалданады. Келер жылы инвесторды  анықтау бойынша конкурс өтеді, сонымен қатар ЖРК (жеңіл рельсті көлік - ред) жобасының аясында жұмыстар қолға алынады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ келер жылы қоғамдық көлік пен көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы да жалғасын таппақ.

«Бұл екі бағытқа басымдық беріледі. Бюджеттегі барлық шығынның бестен бір бөлігі жұмсалады. Биылғы жылы қаланың автобус паркі  30%-ға жаңарды, 180 шақырымнан астам жол жөнделді. Келер жылы жоғары сапалы қызмет көрсететін жаңа автобустарға субсидия бөлінеді. 600 мыңнан астам тұрғынды жеңілдетілген кесте бойынша тасымалдау жалғасады. Бұлардан өзге, қалада сыйымдылығы жоғары автобустарда жолаушыларды экспресс-тасымалдау қайта  жаңғырады. Биылғы жылы BRT-ның алғашқы кезегінің 2,7 шақырым желісі жасалды, 2018 жылы жобаның екінші кезеңінің жобалық сметалық құжаттамасы жасалады», делінген хабарламада.

Мәслихат депутаттары бекіткен жобада қаланың тарихи орталығын қайта жасау жұмыстары жүргізіле беретіндігі көрсетілген.

«Төле би көшесі - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Есентай өзенінің жағалауы енген, яғни тарихи орталықтың 178 гектар жері қайта жөндеуден өтеді. Келер жылы 17 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады, халықаралық стандарт бойынша жасалып жатқан Республика алаңын қайта құру жұмыстары аяқталады. Қаладағы саябақтарды, скверлерді және жасыл аймақты дамыту үшін 2018 жылдың бюджетінен өткен жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп қаржы жұмсалады», - делінген хабарламада.

Алматыда 2018 жылы 500 ауланы жөндеу қарастырылған. Осылайша, абаттандырылған аулалар саны 33%-ға жетеді.  

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы екі жыл ішінде 732 аула алаңдары жөнделді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір