• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:02:42
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматы аудандарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылдығы аталып өтуде

Алматы аудандарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы аталып өтуде

Бүгін «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың қорытындылары және алдағы жылға ұсыныстар мен жоспарларды анықтау бойынша ауқымды шара өтті. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты мақаласының жарияланғанына бір жыл толған болатын.

Алматы аудандарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы аталып өтуде.

Алматы аудандарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылдығы аталып өтуде. Былтыр дәл осы уақытта Елбасының «Болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында Наурызбай ауданында «Әліби» саябағы ашылған еді. Бүгінде аталған аймақ еңкейген қарт пен еңбектеген баланың жайлы орнына айналған.

«Бұл жерде спортпен айналысам деген тұрғындарға барлық жағдай қарастырылған. Оны айта кетсек, ворд ауласы бар, велоаула, скейтборд ауласы, жасөспірімдерге арналған неше түрлі аттракцион қарастырылған», - деді Алматы қаласы «Әліби» саябағының директоры Жанболат Тілеубаев.

«Рухани жаңғырудың» әлден-ақ игілігін көріп жатқан студенттер бағдарламаның орны ерек дейді. Жастар бір жылда атқарылған істерді өз беттерінше қорытындылады.

«1 жыл болды. Сонымен қатар, қорытындысын түгелдей анықтау керек. Өздеріңіз білесіздер, не істелінді? Қандай мәселелер көтерілді? Қандай механизмдер қазір қосылуда? Соның бәрін анықтау үшін жиналдық. Өз жеке тарапымнан айтсам, «Рухани жаңғыруды» қалай түсінемін иә? Ол біріншіден, қазақ тілінде сөйлеу», - деді Алматы қаласы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дулат Қасымов.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына кеше тура бір жыл болды. Осы уақыт аралығында  арнайы жобалар бойынша атқарылған істер біршама. Оны ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі  айтып өтті.

«Бағдарлама аясында әрбір жоба бойынша әрқайсысы жеке мемлекеттік бағдарлама тұратын ауқымды жұмыстар болды. Оған халқымыз белсенді жүзеге ацсырып, ұйымдастыру  жұмысына қатысып жүр. Тіпті, БАҚ құралдарының сыни  мақалаларының өзі барлығын бір ретке қойып, сапалы жұмыс істеуге трысыуға итермеледі. Бүгінгі басқосу бір жылдық жұмысты қорытындылау емес, алға қойған мақсаттарды дұрыс анықтау болып отыр. Мемлекеттің барлық азаматы аталмыш бағдарламаға тиімді қатысса ғана оның нәтижесі тиімді әрі сапалы болады. «Рухани жаңғыру» бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өте ауқымды. Оны кеше бір жобаның таныстырылуы кезінде байқаған боларсыздар», - деді  ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі  Аида Балаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір