• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:50:31
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматыда биылғы жылы тағы 600 аула жөнделетін болады.

Алматы әкімі күнделікті жұмыс сапары барысында мегаполистің көшелері мен аулаларын абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді және Бостандық ауданындағы Гагарин көшесінің жөнделуін тексерді.

Алматыда биылғы жылы ұзындығы 155 км болатын 157 көшені жөндеу, сонымен қатар Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдарын алып тастау мен оларды абаттандыру жоспарланған. Алматыны реконструкциялау аясында бірқатан негізгі даңғылдар мен көшелер, соның ішінде Абай, Абылайхан, Достық, Назарбаев даңғылдары және басқалары жаңарады, модернизацияланады.

Гагаирн көшесін аралаған кезде қала басшысына жыл аяғына дейін Бостандық ауданында 36 көшенің жөнделетіні, 11 қосымша бекет кешендерінің орнатылатыны баяндалды. Ұзындығы 7,4 км. болатын арық жүйесі жаңарады. 12 жер асты және 7 жер үсті өтпелі жолдарды жөндеу жоспарланған. Аудан тұрғындарының өтініші бойынша «Южный» және «Дружба» саябақтары ретке келтіріледі.

Алматы

Гагарин көшесі бойындағы тротуарлар жүргіншілер үшін абаттандырылады, арық науалары қойылып, қажетсіз конструкциялар мен қоғамдық кеңістіктегі заңсыз құрылыстар алынады, көшелер жасылдандырылады.

Сонымен қатар, егер өткен жылы Бостандық ауданында 30 аула күрделі жөндеуден өтсе, биылғы жазда 130 аула жаңарады.

«Шындығына келсек, әрқайсымыз үшін қала өз ауламыздан басталады. Көшелер мен даңғылдарды қайта жаңғыртып, алматылық аулалардың қазіргі жағдайына көз жұмып қарай алмадық. Сондықтан Мемлекет басшысының Жолдауын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» ескере отырып, біз бюджетті қайта қарап, оған барынша әлеуметтік негіз бердік, әрі нақтылы жобалар мен нәтижелерге бағыттадық. Егер өткен жылы біз 455 аула алаңдарын абаттандырсақ, биылғы жылы қаланың барлық аудандарында 585 аула қосымша жөнделетін болады», - деді Бауыржан Байбек.

Алматы

Айта кетерлігі, Алматы әкімі бұрындары тротуарларды тексеруден өткізіп, жаяу жүргінші қозғалысын қиындататын заңсыз салынған құрылыстардан арылуды тапсырған еді. Стихиялы тұрақтардың алдын аалу және жүргінші қауіпсіздігін күшейту мақсатында көшеден кіретін қозғалысты тарылту және тротурарларды тиісінше көркейту жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір