• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:30:04
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматы әкімі 2018 жылғы веломаусымды ашып, велошеруге қатысты

Алматыда, «Спорттық Алматы» бағдар­ламасы аясында велошерудің тоғызыншы маусымы басталды

Алматыда, «Спорттық Алматы» бағдар­ламасы аясында велошерудің тоғызыншы маусымы басталды. Спорттық шараға арасында қала әкімі бар екі  мыңнан астам адам  қатысты.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары «Нұрлы Тау» Бизнес орталығынан бас­талып, Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасқан 9 шақырымды ққашық­тықты  бағындырды. Велоуесқойлармен бірге бұл  велошеруге Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы  Әбіл  Дөңбаев   қатысты.

– Осындай  іс-шаралар қала тұрғын­дарына уақытын тиімді әрі көңілді өткізуге жақсы мүмкіндік. Осы уақытқа дейін біз қоғамдық  көліктерде, көшелерде, саябақ­тарда, кез-келген жастағы адамдар  таны­сып, демалып, жұмыс жасайтындай жағдай қалыптастыру  жолында жұмыс  атқарып  келеміз, – дейді мегаполис әкімі.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек қазіргі таңда қалада  салауатты  өмір  салты мен спортқа жақсы көңіл бөлініп  жат­қанын атап  өтті. Алматыда бүгінгі таңда 68 шақырымдық велодәлізі салынды. Соны­мен қатар, қалабасшысы велосипед­терді жалға беретін «Almatybіke» жобасы қарқымды дамып, қаланың орталық көшелерінде 1730 велосипедке арналған 200 велосипед тұрақтары жұмыс істеп тұрға­нын тілге тиек етті. Оның айтуынша, жылда өтетін «Алматы туры» веложарысы қаланың танымал брендіне айналып, Алма­тының туристік және спорттық қала имиджі ретінде шет елге танымалдығын   арттыруда.

Маусымның ашылу велошеруінің мә­ресінде қатысушылардың  арасында 20 ве­лосипед,  өзге де бағалы сыйлықтар ой­натылды. Барлық келушілердің алдында өз өнерлерімен Shamsі, Alіme топтары шығып, іс-шара «Almaty Street Fіtness»  бағдарламасымен жалғасын  тапты.

Былтырғы, 2017  жылы «Спорттық Ал­маты»  бағдарламасы бойынша  қалада 21 велошеру  ұйымдастырылып,  21 мың  адам  қатысқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір