• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:23:40
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 Әдебиет

Алмас Ахметбекұлы: Көрісу

Алақанға жел тигендей жеп-жеңіл, Шумақ-шумақ жыр желпінді менде бір.

Алақанға жел тигендей жеп-жеңіл,
Шумақ-шумақ жыр желпінді менде бір.
Байтақ Елдің батысында көрісу 
Батысында мейрам көңіл, кең көңіл.

Хазар теңіз күнгейінен жел есіп,
Жылы маусым, баяу жылжып келесің.
Мерекенің бөгенайы бөлекше,
Еске салар ертегінің елесін.

Маңғыстауда – амал - көктем - көрісу,
Сақтағанын, 
ас-тағамын бөлісу.
Қымбатының көз алдынан табылу,
Реніштен, араздықтан арылу.
Жөн-жосынмен, есік ашу – сабылу.
Алыстағы ағайынды сағыну.

Азаматы аңыз тыңдап атадан,
Ұл-қыздары үміт алып батадан.
Қазақтығын, азаттығын ұлықтап,
Абыздарын «әулие» деп атаған.

Көрісу

Келін біткен ханшайымдай киініп,
Тізіліп кеп сәлем салар иіліп,
Ақын отыр жарасымға сүйініп,
Абыз отыр жаратқанға сыйынып.

Күй естілер шер қаладан шерменде,
От елестер Отпан тауға келгенде.
«Мәңгі сенің мекенің» деп тас шауып,
Мәңгі белгі қалдыратын өлгенде.
Мың жылдығын танытады даласы,
Майлы қиян Маңғыстауды көргенге.

Тамашалап су бетінен жел ізін,
Ұрттап сүйіп аққу қонған теңізін,
Маңғыстауға жеткізе гөр, өлеңім,
Шығыстағы бір ақынның лебізін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір