• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:57:57
+35°

18 Шілде, 2018 Әлеумет

Алып тиін Астанаға қажет пе? Елорда әкімдігі жауап берді

Келісім және бейбітшілік сарайы маңында алып тиіннің мүсінін орналастыруды Астана әкімдігі қажет деп санамайды.

Бір апта бойы алматылықтардың басты талқылайтын тақырыптары "Атакент" алдындағы алып тиін болды. 23 миллион теңге жұмсалған мүсінді тұрғындар жерден алып, жерге салды. Бірі қомақты қаржының қажетсіз дүниеге жұмсалғанын айтып налыса, енді бірі мүсіннен мән-мағына іздеп әлек. Алайда қанша айтып таусылғанымызбен тиін жасалды, қаланың ортасында мөлдірген жанарымен алматылықтарға көз салып тұр. Ал дәл сондай алып мүсін елордада пайда болса ше? Астана әкімдігі осыған қатысты пікір білдірді. 

Келісім және бейбітшілік сарайы маңында алып тиіннің мүсінін орналастыруды Астана әкімдігі қажет деп санамайды.

«Жыл басында мұндай ұсыныс айтылған, алайда ол талқыланбады», - деді «НИПИ «Астанагенплан» ЖШС директорының орынбасары Асхат Садуов.

Ал елордаға ондай тиіннің қажеттілігі жайлы сұрағанда Садуов бүй деді.

«Астанаға ел түсінетін арт-бағдарлама керек. Тиін болсын, сарышұнақ, маса немесе торғай болатынын суретшілер шешеді, ең бастысы халыққа түсінікті болу керек. Мұның бәрі өнер, тек бағдарлама керек», - деп түсіндірді Асхат Садуов.

Бұдан бұрын елордада алып сарышұнақтың мүсінін орнату ұсынылған еді. Авторлардың идеясына сәйкес, жануар екі қолын ішіне қойып тұруы тиіс еді. Мүсінді жасау үшін Ресейден арнайы маман шақырылған. Ресейлік маман Сергей Ковалевский идеяны жандандыру үшін белгілі голландиялық суретші Флорентина Хорфманның көмегіне жүгінуді ұсынды.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір