• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:59:48
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 Оқиғалар

«Әлі ғашық». Роналдудың досы футболшының сырын ашты

«Өмірде түрлі сәттер болады. Бәрінің маңызды болуы міндетті емес. Ирина да дәл сол секілді» деген еді журналистерге берген сұхбатында.

«Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әлі күнге дейін бұрынғы ғашығы ресейлік сәнбике Ирина Шейкті ұмытпағанын мойындады. Бұл туралы футболшының досы шетелдік басылымдарға берген сұхбатында айтты.

Достарымен әңгіме арасында футболшы Ирина Шейкпен ара-қатынасының үзілгеніне өкінетінін білдірген. Әрі Роналду бұрынғы ғашығының өмірін әлі күнге дейін бақылап отырады, күйеуінен қызғанады.

Екеуінің қарым-қатынасы футболшының карьерасының кесірінен тоқтаған. «Ирина Шейк бала сүюді қалағанда Роналду футболда жетістікке жетуді армандаған. Алайда Шейкті кетіп қалады деп мүлде ойламаған», - деді Роналдудың досы.

Айта кетейік, 2015 жылы футболшы туралы «Роналду» атты деректі фильм жарық көрді. Алайда фильмде Ирина Шейктің есімі мүлдем аталмаған. Мұның себебін Роналду «Өмірде түрлі сәттер болады. Бәрінің маңызды болуы міндетті емес. Ирина да дәл сол секілді» деген еді журналистерге берген сұхбатында.

Криштиану Роналду 2016 жылдан бері испандық сәнбике Джорджина Родригеспен жақын араласып, 2007 жылы екеуі қызды болған.

Ал Ирина Шейк Роналдудан кейін актер Брэдли Купермен бас қосты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір