• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:38:21
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2018 Денсаулық

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аударымдарды қайтару тәртібі

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қате немесе артық төленген аударымдар сомасы мен жарнаны кері қайтаруға болады.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қате немесе артық төленген аударымдар сомасы мен жарнаны кері қайтаруға болады. Белгілі бір соманы қайтаруды жеке тұлғалар үшін аударымдар жасалған тізімде немесе төлеуші жеке деректерді толтырған кезде қате жіберген жағдайда реттеуге болады. Жеке кәсіпкерлердің өздері және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін жарна төлеу 2020 жылға дейін шегерілгендіктен, қате немесе артық төлем жасау деректері жыл басынан бері бірнеше мәрте кездесті.   

–Қаражаттарды қайтару рәсімі ҚР Денсаулық сақтау министрінің №478 бұйрығымен реттелген. Жарна төлеуші белгіленген үлгі бойынша қайтаруға өтініш жазып, «Үкімет – азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясына тапсыруы керек, – дейді Астана қаласы бойынша «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Егер қате аударымдар жасалған жеке тұлғалар тізімінде жіберілген болса, бұл жағдайды растау анықтамасы қоса беріледі. Төлеушілер қолма-қол ақшамен төлем жасаған жағдайда, растау анықтамасының орнына аударым немесе жарна төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі ұсынылады.

Мемлекеттік корпорация өтініш түскен күннен бастап, бес операциялық күннің ішінде аударымның, жарнаның немесе өсімпұлдың есепке алынғанын тексереді. Ары қарай өтініш берілген төлем бойынша барлық деректемелерді растайтын қосымшалармен бірге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жіберіледі

–Қор өтінішті қарастырғаннан кейін МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасын өңдеп, төлеушінің өтініші Қорға түскен күннен бастап, жеті операциялық күннің ішінде ақшаны Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударады. Корпорация түскен қаржыны төлеушінің шотына аударады. Қор  қайтарылмайтын сомалар бойынша Мемлекеттік корпорацияға ақшаны қайтарудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, ақпарат жібереді, – деп түсіндірді Н.Қабдықапаров.

Мемлекеттік корпорация Қор реестрі негізінде төлем тапсырмасын өңдеп, үш операциялық күннің ішінде төлеушіге күші жойылған төлем сомасын аударады. Мемлекеттік корпорация, егер қаражат қайтарылмайтын болып танылса, төлеушіге оның себептері туралы толық ақпарат береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір