• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:30:37
Алматы
+35°

09 Шілде, 2018 Экономика

Әлемнің сегіз елі Қытайдың қарыз қамытынан шыға алмайды (кесте)

Сарапшылар бұл жыртқыштық тәсілді "қарыз қамытының дипломатиясы" атап кеткен

Былтыр Қытайға 1 млрд доллардан аса қарыз Шри-Ланка ақыры өз аумағындағы "Хамбантота" айлағын қытай иелігіне беріп тынды. Африка құрлығындағы АҚШ-тың басты әскери базасы орналасқан Жибути де осының кебін киюі мүмкін.

"Қытай өзіне тәуелді етіп, күмәнді келісім-шарттарға отырады, жыртқыштық қарыз тәжірибесін қолданады әрі коррупциялық мәміле жасайды. Осылайша кедей елдерді қарыз қамытына тартып, олардың егемендігіне қол сұғады",- деп 6 наурыз күні мәлімдеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның сөзінде жан бар.

"Қытайдың қолында Африкадағы жетілмеген инфрақұрылымды дамытуға инвестициялық әлует бар, алайда олардың бұл тәсілі қарыздың ұлғаюына алып келді және көптеген елде аз ғана жұмыс орнын ашумен (егер бар болса) шектелген",- деп сөзін толықтырды АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Сарапшылар бұл жыртқыштық тәсілді "қарыз қамытының дипломатиясы" атап кеткен. Яғни инфрақұрылымды дамытуға арзан "тәтті" қарыз беріп, оны кейін дефольт секілді қауіпті бишікке айналдырады. "The Center for Global Development" ("Жаһандық даму орталығы") деп аталатын коммерциялық емес зерттеу ұйымы "Бір белдеу - бір жол" атты инвестициялық жоспарға қатысып отырған елдердің экономикалық қуатын, Қытай алдындағы қарыз мөлшерін, т.б. факторларды жан-жақты саралай келе, әлемнің сегіз елін ерекше бөліп көрсетіпті: Жибути, Қырғызстан, Лаос, Малдив, Моңғолия, Черногория, Пәкстан және Тәжікстан.

Қытайға қарыз елдер

Айтпақшы, Тәжікстан Қытаймен шектесетін даулы аймағын Қытайға беріп, қарызының көп бөлігінен құтылған болатын.

Дереккөз: islam.kz

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір