• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:32:36
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 Саясат

«Әлем үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұр»

Қазіргі таңда әлемнің кез келген нүктесіне соққы жасалуы мүмкін

Ғаламшар үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұр. Халықаралық терроризм кең етек жайды. Оның салдары өте ауыр. Мұны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Astana club-тың үшінші отырысында айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда әлемнің кез келген нүктесіне соққы жасалуы мүмкін. Теракт тек дамушы елдерде ғана емес, дамыған елдерде де болатын болды.

— Үшінші мыңжылдық басталғалы бері лаңкестік әрекеттер мен мен террористердің қолынан қаза тапқандардың саны 10 есеге өсті. 2016 жылы 104 елде теракт болды. Бұл – әлемнің жартысы. Әлем терроризмге қарсы үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұр, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Түркия, Чехия, Словения елінің белгілі саясаткерлері, дипломаттары, ғалымдары және бұрынғы президенттері АҚШ саясаты мен антиресейлік санкциялардың өсуіне қатысты Еуразия құрылығының болашағы туралы сөйлесті.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір